әлеуметтік жетімдікке жол бермейік

«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен Мұқағали. Расында, қамсыз, мұңсыз, қызықпен өткен сол бір кездер бақытты балалық шағымыз еді ғой. Алайда, тағдыр тәлкегіне ұшырап, балдай тәтті балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап, жанары жаутаңдаған жетімдер сол бақытты сезініп жүргені шамалы. Үкімет қамқорлығы қанша жерден қайырымды болғанымен, ата-анасының аялы алақанын алмастыра алмайтынын айтудың қажеті де жоқ. Елімізде балалықтың базарын сезінбей, шын қуанып күле алмаған, ата-анасына еркелей алмаған сәбилер көбейіп барады. Иә, бізде жетім балалар саны көп. Туған перзентіне тасбауыр көкек аналардың кесірінен жетімдер үйінде өсіп жатқан балалардың тағдыры ешкімді де немқұрайлы қалдыра алмайды. Бұл өзекке өкініш ұялатар жәйт— бүгінгі күннің ащы шындығы. Әрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар. Алайда, қазақ —ежелде жетімін қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген халық. Өркениет дамығаннан бері біздің елде де жетімдер үйі, қариялар үйі қаптап кетті. Әрине, бұл тек жеке бастың емес, қоғамның қасіреті, трагедиясы Балалық атты әлемде қатыгездікке жол, зорлыққа орын жоқ. Өкініштісі, мына жарық дүниеге келмей жатып, тағдыр тәлкегіне тастап кеткен анасының қатыгездігін сезінген бала мына жалған дүниеде зорлық, жауыздықтың да орын алатындығын тым ерте сезініп өседі. Қорғансыз баланың отбасында, қоғамдық орында қорлық не зорлықты көріп, бұл өмірден алыстап қалуы, өкінішке орай, әлемнің барлық елдерінде әлі де болса жиі орын алатын қауіпті құбылыс. Адамзат санасын уақыт билеген қазіргі нарық заманында үлкендер баланың ішкі сырына көңіл бөле бермейді.
Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.Жетімдіктің түрлері: Әлеуметтік жетім — ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу. Тұл Жетім — ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.Бүгінде республика бойынша жетім және әлеуметтік жетімдер саны 38386-ға жетіп отыр. Бұл сан мұнымен ғана шектеліп қана қоймай жыл сайын 8 мыңға толығатын көрінеді. Сондай-ақ балалар үйлерінде және білім беру жүйесінің басқа да ұйымдарында 11612 бала болса, олардың тек 2106-сы тұл жетім. Қалған 9506 баланың ата-анасы бар. Яғни, әлеуметтік жетімдер.

Әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері:
• отбасы рөлінің төмендеуі; ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің төмендеуі;
• отбасының, әсіресе, жас отбасының материал¬дық- тұрмыстық қиындықтарға төзе алмауы, жеңе алмауы;
• мектеп, отбасы және қоғам арасында қарым-қатынастың жетіспеуі;
• отбасы¬лық тәрбие құндылығының тиісті деңгейде насихатталмауы;
• балалар мен ата-ананың ден¬саулық жағ¬дайы; некесіз бала туудың өсуі;
• ажырасу саны¬ның артуы; құқық қолдану практи¬ка¬сы¬ның жетілмеуі….
Статистика жөніндегі агент¬¬тіктің мәліметі бойынша, елімізде 4 млн. 300 мың отбасы болса, олардың орташа құрамы 3,5 адамнан келеді екен. Ал жеті, одан да көп мүшесі бар отбасылар небәрі 8 пайызды құрай¬ды. Қазақстанда соңғы 5 жылда некеге тұр¬ған¬дар саны 683 мыңға жетсе, 179 800 ажырасу тіркелген. Яғни, некеге тұрушылар 14,4, ал ажырасушы жұптар 21,6 пайызға артқан. Осы уақыт аралығында дүниеге келген баланың 20 пайызы некесіз туған. Меніңше, әр ерлі-зайып¬ты жұптың баланың болашақ тағдырына жауап¬кершілікпен қарамауы, сондай-ақ бала ал¬дындағы ата-аналық парыз бен азаматтық сана-сезімінің төмендеп кетуі әлеуметтік же¬тім¬діктің негізгі себебі болуда.. Әрине, адам қашан¬да өзі жасаған іс-әрекетін өзінше ақтайды. Бірақ, әрбір отбасында әке мен шешенің рөлі, мәрте¬бесі қашанда түпкі темірқазық болып табылатынын ұмытпау керек. Әрбір бала өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, өз ата-аналарын білуге, олардың қамқорлығында болуға және олармен бірге тұруға құқылы. Әрбір ата-ана өз баласын асырап-бағуға және тәрбиелеуге, денсаулығына қамқорлық жасауға, орта білім алуын қаматамсыз етуге міндетті.Бұл қағидалар халықаралық және ҚР заңнамаларында көзделгенімен, елімізде ата-аналары тірі бола тұра, баласын тірі жетім атандырып, балалар үйінде көздерін жәутеңдетіп жүрген қандастарымыз қаншама. Міне осылайша қоғамымызда әлеуметтік жетімдік деген ұғым қалыптасқан. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу – мемлекетіміздің басты саясатының бірі Тастандылық – жеке адам¬ның өміріне қауіп төндіретіндіктен, оны аза¬мат-тық еріктілік деп емес, қылмыс ретінде ба¬ғалау дұрыс болады ма деп ойлаймын. Заңға кісі өлтіргені үшін қандай жауапкершілік жаза қолданылса, тастандылыққа да тап сондай жаза заң түрінде белгілену қажет сияқты. Тастандылар жағдайында көп ретте нәрестенің әкесі ескерілмей, барлық проблемамен әйел жалғыз қалып, амалсыздан қатыгездікке, туған баласынан бас тартуға барып жатады. Егер сол тастан-ды¬ның әкесін анықтап, оларды әйгілеп, ең болмаса әкімшілік тұрғыдан жазалап, алимент тө¬ле¬тетін жағдайға жеткізсек, мүмкін мұндай қылмыстың саны азайып, әкені отбасына оралтудың бір амалы болар ма еді…Ең алдымен қазақтың ға¬сыр¬лар бойы қалыптасқан «қыз» деген қа¬сиетті атауын қадірлеуіміз керек. Ал қыз баланы ана болуға тәрбиелеу, аналық сезімді ояту, болашаққа жол сілтеу отбасындағы тәр¬бие¬нің міндеті. Қазір батыстан келген бала еміз¬беу, ананың алпыс екі тамырының иімеуі, нә¬рес-теге деген махаббатының оянбауы – қаты¬гез¬дікке, өзімшілдікке бой алдыру көбеюде. Қыз бала ел мен елді жалғастырған, қолына найза алып жауға шауып, елін қорғаған, сөз бастап ел билеген, беделін жоғары ұстаған. Оны қазақ қыз тәр¬биесінің ұлттық негізіне айнал¬дырған. Ендеше, қазақ қызын оң жақта бұлғақ¬татып өсір¬генмен, қыз¬дың өзі босаға аттағаннан кейін бар-ған жері¬нің жақсы анасына, ұлағатты келініне айналуды ойлауы керек. Сонда ғана жетім, жесір¬лер саны азаймақ.

12 пікір

qyrmyzy
Жаңа сөйлем, тақырып БАС әріппен жазылатынын ешкім ескерпеген бе?
tolkinjan93
kewiriniz ewkim eskerTpepti
satirik92
Жақсы жазылған. Дегенмен осы мәселені қозғамайтын уақытқа қашан жетеміз?
tolkinjan93
kogamimizdin ozekti maselesi goi bul… sondiktan jazgan edim
satirik92
Жаза бер, бетінің сұлулығын жібектеме ішіндегі нәрін нәрлі бер.
Kan
Керемет жазғансың. Енді осы ниетің санасыздардың санасына жетсе, сезімсіздердің түйсігін оята білсе шіркін.
Өкінішке орай бұл мәселе айтылмай жүрген жоқ. Тала мәрте шырылдаған мәселе.
Әйтседе адамдар жамандығын қояр емес, жетімдер саны азаяр емес
jalyn
Тамаша жазылған! Толыққанды мақала. Осы жағдайға жеткізген дүниелерді, оның шешу жолдарын қарастырғаныңыз ұнады.
maulen
Ия әсерлі жазылған екен. Ата-ананың мейіріміне жетер не бар дейсің?! Ал сол мейірімнен қаншама бейбақтар құр қалып жатыр. «Атаңнын баласы болма, адамның баласы бол» дейтін еді. Хайуан екеш хауанда баласын жетілдіретін емес пе еді?! Ал бізге күйе болып жағылған санамыздың деңгейі хауйан санасына жетпеуі.....(көпке топырақ шашудан аулақпын).
tolkinjan93
durus aytasiz Maulen, ata ana meyirimne ewtene jetpeidi. atten soni bezbuirek analarimizdin sanasina jetse goi
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.