Сарқыт

Қазақ салт-дәстүрлері /
Той- жиындарға сыйлы ортаға барған әке- шеше, аға- жеңге үйге жақсы қайтуды, несібемен оралуды ойлайды. Мол дастарханнан кәде, сарқыт алады. Тіпті қариялар бас табақтан да келін- кепіштерге сарқыт қалдырып жатады. Ал, жастарымыздың үлкендерге сарқыт әкелдім деп айтуы әбестік болады. Тойдан үлкендерге әкелінген тағам болса оны «сіздерге тойдан ауыз тисін» деп яки болмаса «немерелеріңізге тойдан сарқыт әкелдім, сіз де ауыз тиіңіз» деп сыпайы ұсынады. Бұл да үлкен ізеттіліктің көрінісі.

1 пікір

dimash
Есте болар жайт екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.