Дауыс қылу

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қаты күйзелген, өмірден соққы көрген, жақын адамдарынан қапыда ерте айрылған, мұңды, шерлі адамдар кейде қамығып отырып, өзінің зар наласын сыртқа шығарып тәңірге, аруаққа, елге қарап шағынып жылайды, зарлайды. Мұны дауыс қылу дейді. Өлеңмен айтылып, жырмен де айтылып, отырып зарлап айтып шығады. Ол әйелдер қауымына тән қасиет. Естіген адамдар басу айтып, тоқтам айтады, қастарына қосылған әйелдерде дауыс қылады
Дауыс қылу мен жоқтауды мүлдем шатастыруға болмайды. Қаралы, қапалы жағдайда айтылса да екеуі екі басқа. Жоқтау қайтыс болған адамға арналса, дауыс қылу көңіл күйін білдіретін зар жыры.

5 пікір

Kan
Делік дауыс қылу мен жоқтауды шатастырмайық. бірақ бүны нендей мақсатпен жаздыңыз біреуің өлсе жоқтау мен дауыс қылуды шатастырмасын дедіңіз бе? Жарайды оғанда көндік. бірақ жоқтау да, дауыс қылу да исламға жат екенін білген жөн.
Jako
Абай баласы Әбіш(Абдрахман)қайтыс болғанда жоқтауды өзі жазып берген, сонда қалай, Абай атам мұсылман емес пе?
Kan
Абай атамыз алһамдулла мұсылман болған. бірақ өз елінің салтын сақтап қалу үшін кейбір істерге бас болған. Мен жоқтау Ислам дініне жат деп жаздым бірақ түбегейлі қарсы она айтуға болмайды демедім.
Jako
Бәсе менде солай ойлап едім,Қанеке, жастар басқаша ойлап қалмасын деп анықтап жатқаным ғой.
m170785
Осы ағамыз ақ… )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.