Мойнына бұршақ салу

Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып, Аллаһ Тағаладан перзент сұрап жылап, жалбарынған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ған салады, айналып 10 рет, сол жаққа, және оң жаққа.

Сауын айту

Бір ауылда, не болмаса елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын ала бір жыл немесе бірнеше ай бұрын жан жаққа хабар жіберіп, ел жұртты соған шақырады. Мұнын сауын айту дейді. Әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келеді. Батыр, балуан, ақын, әнші, күйші, бишілер өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың тойдың жақсы өтуіне жан жақты қолдайды. Жиынға қымыз әкелгендерді құр...

Жарысқазан

Әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл желпі тамақ істеп, майын көптеу құйып, етін көптеу салып, майын көптеу құйғаны, сөзге, тілге шешен, әңгімешіл, көпшіл болсын деп, етін көптеу салғаны, ширақ, ірі, пысық деп, босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». «Жарысқазан жасағанда әйелдің толғағы жеңіл болады, өзін сергек сезінеді» деген ұғым болған. «Туатын бала...

Араша түсу

Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру араша түсу дейді. Бұрынырақ дау жанжал бола қалған жағдайда, ауылдың, елдің абыройлы абыздары «Араша, „Араша“ деп айқай салған. Және де от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.

Теңге Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны.

Әнұран, ту, елтаңба, теңге ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валютаның «тұсауын кескен» ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау бюджет коммисиясының төрағасы С.Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген есімі республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікірталаста болды. 1992ж инфляцияның денгейі 250 пайызды құрады. 1993ж шілдеде Ресей...

Өңір салу

Мұны кей жерлерде "үй көрсету", «есік ашар» деп те атай береді. Бұған тек ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері жаңа түскен келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңірге киім, бұйым, қымбат заттар әкеледі. Терме бау немесе «жас төсекті басқалар басынбасын» деген ниетпен бүркіттің тұяғын, үкі іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер....

Қынаменде

Құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады. Бұл әр жерже түрлі аталады. Кей жерде "қалыңдық ойнау", "ұрын келу" деп атайды. Қыздың жеңгелері мен жастар үшін бұдл бір той десе де болады. Болашақ күйеу бала қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, қараңғы түсе келеді. Осы жолы...

Ау, жар

Ау, жар ұзатылып бара жатқан қызбен аыл жастары арасында айтылатын айтыс түріндегі өлең жыр. Өлеңмен құрдастық назын, қимастық сезімін, сағыныштарын білдіреді. Ізгі тілек, достық көңіл, айтылады. Сөзі мен әні ойнақы түрде айтылады. Ол;«ау, жар» десе, біресе, «ай ау», бірде «бике ау», тағы бірде "үкі ау" деп айтылады. Мысалы; Буынғаным беліме кісе ме еді, ау жар ау, Бекем бусам...

Мизам шуақ

Мизам шуақ жаздың ыстығының беті қайтып, күннің жылуы жерге түсіп жететін өліара мезгіл осы Мизам шауқ. Бұл мезгілді ертеден мизам шуақ деген. Мизам шуақтың белгісі;Қыркүйектің екінші онкүндігінде салқын болып, жаңбыр жауып, түнде шөп басына шық түсетін кез. Күндіз жылынып, жайма шуақ күндер болып, далада ұзынннан ұзақ өрмекшінің өрмегі мизамдар шұбатылады. Күз суығы бір үзік жылымық уақытты...

Итаяққа салу

Жас келіншек бір ауылға қыдырып барып, не есік көруге шақырғанда әйелдер жағы не үлкен әжелер;«Итаяғыңа сал» деп сақина, күміс, жүзік, заттарын береді. Итаяғыңа салу деген келіншек босанып, баланы жуатын суға, шілде суына, әлгіндей күміс, жүзік, сақина сияқты заттарды ыдысқа салып, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін, заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып, бөлісіп, тарасады.