Қынаменде
Құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады. Бұл әр жерже түрлі аталады. Кей жерде "қалыңдық ойнау", "ұрын келу" деп атайды. Қыздың жеңгелері мен жастар үшін бұдл бір той десе де болады. Болашақ күйеу бала қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, қараңғы түсе келеді. Осы жолы өзінің болашақ жарын көріп, танысып білісіп, тілдесіп, көңіл жарастырады. Ұрын келудің жоралары да аз емес. «сені күтіп, жүгіреміз деп ентігіп, шаршап қалдық» деп қыздың жеңгелері «ентікпе» сұрайды. Балдыздары «балдыз көрімдік» алады. Қол ұстатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар деген ырымдар бар.
Бұл той өткесін күйеуге оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылады.
Құда түскенмен, келісім жасалғанмен, күйеудің қыз ауылына "ұрыннан " бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалған жағдайда, қыздың туыстары әдеп бойынша бұзғаны үшін оны сабап, қамшылап, жігітті сынап, қуып жібереді.

3 пікір
бұл заман енді оралады деп тіптен ойламаймын. Батыс жаққа соның ішінде)))