Мизам шуақ

Қазақ салт-дәстүрлері /
Мизам шуақ жаздың ыстығының беті қайтып, күннің жылуы жерге түсіп жететін өліара мезгіл осы Мизам шауқ. Бұл мезгілді ертеден мизам шуақ деген. Мизам шуақтың белгісі;Қыркүйектің екінші онкүндігінде салқын болып, жаңбыр жауып, түнде шөп басына шық түсетін кез. Күндіз жылынып, жайма шуақ күндер болып, далада ұзынннан ұзақ өрмекшінің өрмегі мизамдар шұбатылады. Күз суығы бір үзік жылымық уақытты өзге елдердің халқы қалт жібермей, атау беріп, дүркіретіп мерекеге айналдырған. Орыс өкілдері, Ресейде оны «Бабье лето» дейді. Сербияда баби лето, Славяндарда бабыно лето, Немістерде Мрья өрмегі дейді, ағаш бұтақтарда өрмекші торы көбеюіне байланысты.
Мизам шуақ екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі 28 тамыздан 11 қыркүйекке дейін, екіншісі қыркүйектің 14 нен 24 аралығында. Ескілердің ырымы айтуы бойынша, мизам шуақта ауа райы жақсы болса, күз суық болады, керісінше болса, қазан, қараша күзі құрғақ болады.
Мизам уақытында славян халқы көп мән береді. Орталық Ресейде бабье лето немесе МАРФИН жазы деп аталатын бұл жазды шығарып салушы Симеон әулие күні, яғни 1 қыркүйекте басталып, 24 қыркүйекте аяқталады. Болжам бойынша, бұл уақытта әйелдер қысқы азығын дайындайтын болған. Екінші болжам жаз бойы далада жұмыс жасап, еңбек еткен шаруалар қыркүйектің алғашқы суығы ұрғанда аздап демалып, демалатын болған. Қайта күн жылынғанда ер азаматтар егістікті астығын жинап, әйел біткен төсек орнын, отынын, қамдап, дайыындаған қысқа. Қарбалас тіршілікке кіріскен уақытын бабье лето деп атаған.
Орыс халқы бабье лето деп әйел 45 жасын атайды. Далада ұшып жүретін өрмектердің әйелдің қырау шалған шашымен салыстырылуынан шыққан теңеу. Бұл жас қарттыққа қадам басар алдындағы соңғы бір жылымық уақыт. Жастықтың соңғы қызығына алданар кезең. Қазақ халқы кей жерлерде «Кемпіршуақ» деп те атаған.

1 пікір

Jako
Кемпіршуақ, бірінші рет естіп тұрмын. Маке, тамаша пост.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.