Бүркіт атаулары

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ақиық. Ақиық- бүркіт тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Салмағы 3100гр. Түсі қоңырлау, басының үсті сарғылдау, маңдайы мен төбесі қоңыр, иығы ақсұрғылт, құйрығының үстінде жолақтары бар. Сексеуіл мен бұталардың басына ұялайды. Жұмыртқалап, 50 күн басып, кезектесіп қарайды. Қорегі, кемірушілер мен қоян, түлкі, майда құстар.

Ала құмай. Ала құмай-бүркіт тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Басы мен мойны ақ, терісі майда тықырлау, мамықты, құйрығының үсті ақ, арқасы ақшыл сары, салмағы 10кг. Суыр мен тұяқты жануарлардың етімен қоректенеді, тұмсығымен сеспей қатырады. Тұмсығы өткір. Ауаны ластайтын өлексемен қоректенетіндіктен, бұл құсты пайдалы құс дейді. Таулы аймақтарда көптеп кездеседі.

Бүркітердің 1 жастағысын-балапан;
2 жастағы- қантүбіт;
3 жастағы- тірнек;
4 жастағы- тас түлек;
5 жастағы-мұзбалақ;
6 жастағы- көк түбіт не болмаса ана;
7 жастағы- қана
8 жастағы -жаңа;
9 жастағы- майтүбіт;
10 жастағы- барқын;
11 жастағы-баршын;
12 жастағы- шөгел;

1 пікір

Jako
Жақсы, адамға берерібар пост, бірақ мына жерлері
<code>7 жастағы- қана
8 жастағы -жаңа;</code>
дұрыс берілген ба екен? 6жаста ана болса неге 8 жаста жаңа болады деген ой ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.