Мінезіңізді жылыңыз айтар!

Қазақ салт-дәстүрлері /
1. Сумақы (тышқан).
Сумақыда жымысқы қулық, күндіз үйкүшік, әшкере әрекеті аз, түнде жасырмалы харекеті көп, жегіштігі мол, дәулет жиғыштығы күшті. Әлдіден қорқып, әлсізді басынғыш, талғаусыз жегені ас болатын, өсексіз болсада ұластырмалы айласымен елді шулатқыш, қырқыстырғыш. Ар ұяты аз, лыпылдап тұратын, күлді көмеш қулықтар, шімірікпес, мінезі көбірек.

2. Маңғаз (сиыр).
Бұл жылдағылар сусағыш, тамақсау, өзара шығысымы үй ішінде болсада қағыспалы, бірақ зілсіз, кексіз, бір тоға, көмпіс, оңайшылықта сөз өтпейтін, қамшы жүргізіп, таяқ шектейтін, тілге азбайтын, иісалмас болғанымен, жау тиіскенде айғай аттанын естісе не қан көрсе болғаны намысы қозғыш, өлген тірілгеніне, алды артына қарамайтын, бір қалмай атқа қонатын, бірауызды, хәлі кеткенше айқасатын, қауқарсыздығына қарамайтын әрі өздерін және жастарын аялауға құштарлығы басым, не жеңіп, не өліп тынатын, досқа адал, ақ пейіл, туған жерінен айырылғысы келмейтін, тек өлім ғана айыратын, ер көңілді желіп етпес сабаз.

3 Айбар (барыс)
Бұл мүшел жылда бардам мен жарлыны айырмайтын, обал сауапты білмейтін, қаражүрек, сөз асырмайтын, асырғысы да келмейді. Торуылы көп, ұйқысы келмейтін, жауына бөзек болғанша, өлгенді жақсы көретін, адам пендесін көзге ілмейтін, күшті, алып, теңдессіз саналғылықты. Басқаны әлжуаз, осал көреді. Ержүрек, қайтпас, батыл, түпсіз құлқынды, «тістейін, жұлынса кетсін», дейтін өкше ізге түскіш. Кекшіл, ұстамдыларлыққұлақтағылар елеулілік көзге түспекті.

4. Секем (қоян).
Қоян жылғылар сөз аңдығыш, бірақ сыр сақтағыш, көңілі кірсіз, аңқау, сезікшіл, сөзі нілсіз, аңғал, айта салғыш, қулығы бар, сұмдықты білмейтін, бұлтағы бар, жауығыш көп, қорқақ. Басқаға зияны келтірмейтін, тіпті ойына келтіріп ойламайтын, жауына қарсылығы аз, жәбір де сала алмайтын бейуаз.

5. Иіртек (ұлу).
Осы мүшелдік жылдағылар харекет мандымы болмайтын, көрнегі өндімейтін, қуаныш пен уайымның айырмашылығын жете ұғынбауыш, «несіне жырғап ыржалаңдайды екен» деп, бете айта алмайтын, қайда болса сонда, ел естімесе күңкілдеп тыжырынғыш, күйсіз күлік, байыпсыз тірлік. Су ішкіш, шайшыл, көп зауқы болмайтын, солай бола өңін бермейтін, ешбір жанды ренжітпейтін, ренжіткісі келмейтін, елмен хақысы жоқ, қорғаншақ, секемшіл, болмашыдан қорқып, тықырдан шошып, үйінен шықпайтын, іште түйнегі, сыртында күйреуігі бар. Бітісі алып, жұтысы жалмауыздан кем емес, досын мен қасын парықтамай, қарыны тойымдық адамгершілік ізгілікті парықтап, нарықтамай жұта бергісі келетін, ұзақ жүргісі келмейтін, адам пендесі емес, хайуан десе де болғандай ашкөз болмақ.

6. Сумаң (жылан).
Бұл жылғылар көп сөйлемейтін, бақырайып қарап, сыбырлап қалатын, бадырая шоқшиатын, сыршыл, ылпылдақ, жарасымды сәнмен жүретін, әдемі, күлгір, жасырын харекеті мен әшкере харекеті орасан. Ойы түзу, әлпеті мен сөз лебізі айырмашылығы ерекше, тартпа мінез, шақпа мінезді, шымшып сөйлейтін, тиіскенін оңдырмайтын, сұрқия ниет, жұртқа тіксінетін жексұрын, тез шапшаң, қулығы бар.

7. Тұлпар (жылқы).
Бұлар өте сезгір, секемшіл, сезікшіл, жатырқауық, өзін тежемдеп ұстамдауы қиын, мықты, шамшыл, сөзшең, адал, үйірсек, елгезек, дала безер. Досының жанынан айырылғанша көмегін аямайтын, жауына жаны шыққанша қарсылық көрсететін адам.

8. Шопан (қой).
Бұлар жұрт мақтаса, ісіп кетпейтін, жамандап даттаса, ұнжырғасы түспейтін, өзіне тән қасырет қайғы ауыртпалығы болсын, қуаныш болсын, өзіне тары құрлы білінбейтін, шыдамды. Қыңқылдамайтын, сыр бермейтін, көпшіл, жалғызсырағыш. Жаны шықсада айтқанын қайтпайтын, деректі басқаға бермейтін сездірмейтін, қастығы жоқ, сабаз досы үшін өліп жегенше бөлісетін, қасы үшін алдамаға түсіп не қарсыласып өлетін аңқау. Сабырлы, адал.

9. Мешін (маймыл).
Өз қолынан елді тандандырып, жұртты тамсандыратын көзге түскісі келетіні бар. Басқаның жақсы пиғыл, жаман мінін қазғыштап, қимыл әрекетін айнытпай өз қимыл әркетімен, сөзімен, бейнелеп, еліктеп, көрсетуге құштар. Сайқымазақ, ылғи күлдіруді өз борышы санайды. Ешбір пендені қарсы шықпауды армандағыш, есірік, қылжақбас, сөз асырмағыш. Қызғаншақ. Кекшілдеулік, ұмытшақ.

10. Шақырауық (тауық).
Бұлардың аузы дуалы, еліне сөзі өтімді, халқына қадірлі, ісі тыңғылықты, өз уақытында тындырғыш, жаманға жау, тойымы аз, ішіп жеуі талғаусыздық, былапыт, досына адал, қастандық пен өсек ілескіш. Еш пендеге жамандығы жоқ. Кек алу жолын таба алмайтын, бой тасалауды жөн көреді. Ізгі ниеті мен шынайылық, адамдық пейілі өз түбіне жеткіш.

11. Айтақ (ит)
Тектілігі арпылдаған мылжың, арсылдаған сойқаншыл, шалдауыр, көклет, шаңқылдап елге, қаңқылдап үйге маза бермейтін дос дұшпанын долылығы ұстаса айырмайтын, аямайтын, долылығы ұстаса жайдары, қалжыңы бар, аузынан ақ айтақ шығып, көк айтақ кіріп ойнақ салатын ерекше көз ілгір. Қастандығы аз,өш алмай қоймайтын, ала алмаса өлгенде ойында кетіп, соның жолында кеткіш.

12. Қорысқы (доңыз).
Басқаға қастығы аз, үйлі болуды, балалы болуды қиялшыл, арманшыл, тер төккіш, кем сөзді, айтқанына қайтпайтын, ашуланса астындағы атын ұрып, қарсы келгенді мерт қылып, басқаларын сөзбен түйіп, өзі сезбей қалатын, сый құрметін аямайтын, көңілі қалса қайырылмайтын, қулығы аз, батыл.

Ө.Тілеуқабылұлы Шипагерлік баян кітабынан

50 пікір

kozy
кем сөзді
осы жері ғана келмейді екен да:)
khairbek
жалпы бунын бәрі отырык мен сенбейм и тебе не сабетаю
qyrmyzy
khairbek
qyrmyzy
споки
khairbek
ииииииииииии таста хе хе СПОКИЫН нес?
ҚАЙЫРЛЫ ТУН ДЕСЕЙ
khairbek
Dan4ik
уахахахахахахахах дәл өзімді айтып берді ғой
qyrmyzy
айтып берді ма?
Dan4ik
йәәәәәәә кәдімгідей бетіме айта салды ғой....
AL-ASTER
Барлығы да келе береді екен! )))
AL-ASTER
Не то что өзімдікі)
Delfina
айтқанына қайтпайтын, ашуланса астындағы атын ұрып, қарсы келгенді мерт қылып, басқаларын сөзбен түйіп, өзі сезбей қалатын, сый құрметін аямайтын, көңілі қалса қайырылмайтын, қулығы аз, батыл.
негізі дұрыс деп ойлаймын. )))
Ak123
Тектілігі арпылдаған мылжың, арсылдаған сойқаншыл, шалдауыр, көклет, шаңқылдап елге, қаңқылдап үйге маза бермейтін дос дұшпанын долылығы ұстаса айырмайтын, аямайтын, долылығы ұстаса жайдары, қалжыңы бар, аузынан ақ айтақ шығып, көк айтақ кіріп ойнақ салатын ерекше көз ілгір. Қастандығы аз,өш алмай қоймайтын, ала алмаса өлгенде ойында кетіп, соның жолында кеткіш.
Jako
Мен осыны оқып ойланып отыр едім, кей жерлері келгенімен, кей жерлері қорқыныштылау екен, кім біледі адам кей кездерде өзін толық біле бермейді ғой…
zhurttyn_balasy
әйгуу оңдырмапты
Ak123
кәріс сериалдарындағы кемпірлер құсап тегі…
zhurttyn_balasy
Мынадан кейін Жағдишияның әжесін аватарыңа қайтару керек сияқты
Ak123
қуа түсіңіз әлде де
Zhanat
біздің мінезімізді білетін адамдай жазыпты ғой)
qyrmyzy
білмейм, дәл сияқты
Aikona
Бұл мүшел жылда бардам мен жарлыны айырмайтын, обал сауапты білмейтін, қаражүрек, сөз асырмайтын, асырғысы да келмейді. Торуылы көп, ұйқысы келмейтін, жауына бөзек болғанша, өлгенді жақсы көретін, адам пендесін көзге ілмейтін, күшті, алып, теңдессіз саналғылықты. Басқаны әлжуаз, осал көреді. Ержүрек, қайтпас, батыл, түпсіз құлқынды, «тістейін, жұлынса кетсін», дейтін өкше ізге түскіш. Кекшіл, ұстамдыларлыққұлақтағылар елеулілік көзге түспекті.
Өзімді осыншама оңбағанмын деп ойламаппын ше
Aikona
бұны жазған кезде ағамыз, барыс жылғыларға ашуланып отса керек иа?))
qyrmyzy
барыс жылғылардан қорлық көрген ғой
zhurttyn_balasy
сұмдэқ жазыпты
sultan_yerkebulan
Дұрыс деп ойласаң ойлай бересің ғой…
zhomart
түсінбегенім, осынау әлемде он екі түрлі мінезден тұратын адамдар өмір сүріп жатқаны ғой. Неткен керемеееет...!
User
Ө.Тілеуқабылұлы Шипагерлік баян


Ademi
көрмейтінің жоқ
pari
Неге тоқты жоқ?!
Jako
Тоқты деген жұлдызнамада ғой (зодиак), бұл жыл аттары.
dimash
))))))))))))))))))) ни шо, мен де баста арыстанымды іздеп, бір қарап шығып барып жыл аттары екенін түсіндім
Dan4ik
тоқтының абыройы қамаған ғой....
dimash
Қызғаншақ. Кекшілдеулік, ұмытшақ. рас рас расссссссссссссссссссссссс *10 (9999)
Daniar_alan
3 Айбар (барыс)
Бұл мүшел жылда бардам мен жарлыны айырмайтын, обал сауапты білмейтін, қаражүрек, сөз асырмайтын, асырғысы да келмейді. Торуылы көп, ұйқысы келмейтін, жауына бөзек болғанша, өлгенді жақсы көретін, адам пендесін көзге ілмейтін, күшті, алып, теңдессіз саналғылықты. Басқаны әлжуаз, осал көреді. Ержүрек, қайтпас, батыл, түпсіз құлқынды, «тістейін, жұлынса кетсін», дейтін өкше ізге түскіш. Кекшіл, ұстамдыларлыққұлақтағылар елеулілік көзге түспекті.

рррррррррррррр…
жаман кейіпкер десеңЧ… найд маған бәрібір ррррррррррррррр
zhurttyn_balasy
Құдайым ай жЪләдім. отеЦ Зерез екем ғұй. Өзімді жұртқа қимай қалдым
Ais_97
2. Маңғаз (сиыр).
Бұл жылдағылар сусағыш, тамақсау, өзара шығысымы үй ішінде болсада қағыспалы, бірақ зілсіз, кексіз, бір тоға, көмпіс, оңайшылықта сөз өтпейтін, қамшы жүргізіп, таяқ шектейтін, тілге азбайтын, иісалмас болғанымен, жау тиіскенде айғай аттанын естісе не қан көрсе болғаны намысы қозғыш, өлген тірілгеніне, алды артына қарамайтын, бір қалмай атқа қонатын, бірауызды, хәлі кеткенше айқасатын, қауқарсыздығына қарамайтын әрі өздерін және жастарын аялауға құштарлығы басым, не жеңіп, не өліп тынатын, досқа адал, ақ пейіл, туған жерінен айырылғысы келмейтін, тек өлім ғана айыратын, ер көңілді желіп етпес сабаз.

ооо мені бір ержүрек етіп көрсетіп жіберіптіғо!
pana
вакцинамен айналыса бергенінде ғо тек))) эгоисттерге арналмаған екен, өзімдікі қате, жұрттың бәрінікі дұрыс сияқты)))))
banzaika1990
жатырқауық
,
үйірсек
қарама-қарсы екі сөз бір жерде қалай жүр деп отырсам, ойлап қарасам өзім сондай екенмін.
Бөтен жерде секемшіл, сезікшіл, жатырқауық, өз ортамда сөзшең,үйірсек. ))))
kema
menin bar okyganym myndagy pikirler))) keshir, avtor iesine((( Nege okymaganymdy bilmeim(((

Baikauymsha, jurttyn minezin jaksy jazygan suaktysyn. Ar kim ozinikin tapkandai)))
khairbek
ОТЫРЫК ҚҰСЫҚ ЖАЗБА МИНУС САГАН МИНУС
Nursultan2002
7. Тұлпар (жылқы).
Бұлар өте сезгір, секемшіл, сезікшіл, жатырқауық, өзін тежемдеп ұстамдауы қиын, мықты, шамшыл, сөзшең, адал, үйірсек, елгезек, дала безер. Досының жанынан айырылғанша көмегін аямайтын, жауына жаны шыққанша қарсылық көрсететін адам.
Бұл мен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.