Жиенқұйрық
Жиенқұйрық — жиенге жасалатын жоралғы. Жиен алғаш нағашы жұртына келгенде бәсіре алады. Халық дәстүрі бойынша, жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни Жиенқұйрық алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай, үш рет сұрағанын беруге міндетті. Қалағанын бермесе, ол жиендік жасап, басқа жолмен алуға ерікті. Қазақстанның кейбір аймақтары Жиенқұйрықты “жиеннің қырық серкеші”, “қырық шұбар тай” деп те атайды. Жиен бәсіресі — 40 серкешті нағашылар жағы алғаш төркіндеп барған жас жұбайлар мен сәбиге кәде ретінде айдатып жіберетін болған.Жиенқұрық — халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет қалағанын беруге міндетті. Жиенқұрық кей жерлерде қырық серкеш деп те аталады. Бұл туралы Тәуке хан тұсында қазақ мемлекеттілігі мен құқықтық жүйелерінің дамуында маңызы зор болған «Жеті жарғыда» «Нағашы жиеніне «қырық серкеш» беруі керек. Жиені нағашысына «қырық серкешімді алуға келдім» — деп арнайылап барғанда, оны құр қайтармай, қалағанын береді» деген нұсқау болған.
7 пікір
Сосын Жако ағаның стилін ұстанғың келеді ме?!
Өзіне ұнағандықтан жазған шығар))