↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
08 маусым 2012

Төренің ажалдан қашуы

Ертеде Абылай хан қалмақтардың қолына түскенде, оны Тәжі деген төренің әйелі босатып жіберген көрінеді.Сол Тәжі төре кезінде азуын айға білеген адам болса керек. Бәрі қолынан келген, бәріне байлығы жеткен, тек өлмеудің амалын білмеген. Бір өлерін білген соң, қалай өлерін де күні бұрын білгісі келсе керек. Сәуегейді шақырыпты да, әлгіден сұрапты:
— Менің ажалым неден, соны біліп бер, — депті.
— Ажалыңыз бүйіден болады, — депті сәуегей.
Шажаның суық басына барып жатып алсам, оған бүйі қайдан келеді? Сөз емес сөзді айтасың, — деп сәуегейдің тілін кесіп алыпты.
Сәуегейді жазаларын жазаласа да, бүйі болатын ыстық жерге жуымапты. Шажаның ең биік басына, суық жерге қыстау салдырыпты да, қысы- жазы сол суықта жататын болыпты. Ажалдан құтылдым деп сеніпті.
— Ал, қазақтың әулиесін көрейін, — деп шіреніпті.
Сексеуілдің шоғына қыздырынып жатып әбден рахатқа батады. Бірақ, сәуегейдің айтқаны келіпті. Тәжіні бүйі шағып өлтіріпті. Сексеуілдің ыстық, құмды жерде өсетіні белгілі. Отыншылар сексеуілді әкелгенде, бір бүйі бұтағына ілесе келеді, бірақ суыққа жеткенде өлімсіреп қимылдамай қалады. Кейін сексеуілдің бір шеті отқа тиіп жатқанда жылынып қайта тіріледі де, жылжып барып Тәжі төрені шағып алады. Ол рас па, өтірік пе, білмеймін, бірақ әйтеуір Тәжі төренің ажалдан құтылмағаны анық.
Қанабек Байсейтовтың "Құштар көңіл" кітабынан алынды
?

Пікірлер:2

  • AL-ASTER
  • 08 маусым 2012, 22:52
  • 0
Қорқыт ата да осылай өлместің жолын іздеген еді ғой.
  • mairosh
  • 10 маусым 2012, 00:46
  • 0
не де болса қиналып өліпті Тәжі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.