Сымбатыңызды сақтаймын десеңіз...

Пайдалы кеңестер /
1. Бетті ағарту үшін құлпынайды қолданыңыз
Арнайы ыдысқа бірнеше құлпынайды салып, 1 ас қасық майлы қаймақ пен 1 ас қасық қою балды қосып, араластырыңыз. Дайын болған соң, 25 не 30 минуттай бетке жағып, жатыңыз. Аз уақыт өтпей, бетіңіздің ағарғанына көзіңіз жетеді. Есіңізде болсын, күнге шығып қыздырынатын уақытта оны жасаудың пайдасынан зияны көп. Күйдіріп жіберуі мүмкін теріңізді. Бұл маска барлық теріге арналған. Майлы және аралас теріге берер көмегі көптеу. 3 түйір құлынайды езіп, бетіңізге жағыныз. Теріде 10 минут қалдырып, кейін жылы сумен шайып, тастаңыз. Құрамында С дәрумені болған соң, теріні нәзік қылып жақсартады.

2 Әжімге қарсы қиярдың көмегі
Қияр майлы бетке өте пайдалы. Құрамында теріні жұмсартатын көптеген заттар бар. Әжімді кетіру қиярдың жартысын сығып, шырынын сөлін алып, жұмыртқаның ағымен араластырыңыз. Бір ас қасық лимон шырынын, 1 ас қасық арақпен, бірнеше тамшы қарамаймен (бензойная смола) көбігі шыққанша қозғаңыз. Болған сұйықтықпен бетті сүртіп, көмектескеніне көз жеткізесіз.

3. Бетке жағылған Алманың көмегі.
Терісі бозып бара жатқан бетке алманың жасалған маскасын жасаңыз. Ол үшін үгітілген алмаға 1 ас қасық ірімшік, сүт болмаса қаймақ қосып, араластырасыз. Тер құрғақ болса, қоспаға өсімдік майы мен қаймақты қосып, 20 минут бетте ұстайсыз. Сосын салқын сумен жуып тастайсыз.Бұл маска терінің ерте қартаюына қарсы көмектеседі. Алма бет терісінің түсін қалпына келтіреді. Әжімді кетіреді. Піскен алманы сүтке салып, шамалыдан кейін, ерніңізді сүртесіз.
Алманың жартысын алып, тазалап алған соң, ұсақтап тураңыз. 1 ас қасық бал, 1 ас қасық аскорбин қышқылын, 1 дана жұмыртқа сарыуызын, және алма сіркесуын 3 ас қасық сұйық маймен араластырасыз. Дайын болған қоспаны, 30 минутта бетке қалдырып, салқын сумен шаясыз. Әсері күшті маска. Өйткені маскада пайдаланған сіркесуы терінің қышқыл қабатын қалыптастырады. Алманың құрамында пектин мен аскорбин қышқылы болса, ал бал жұмыртқа сарыуызымен май теріні қоректендіреді.

4. Картоп
Картоп бет терісін майда тесіктерін емдейді. Қолыңыз босаған кезде, жұқалап тұрап, бетіңізге қойып тұрыңыз.

5. Лимон құрғақ теріні тазалайды.
Теріңіз құрғақ болса, ,5 ас қасық қант пен жарты ас қасық суды өзіңізге ыңғайлы етіп ыдысқа құйыңыз. Отын сәл жай қойыңыз. Қоспа қатты болған кезінде, алып, жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Жай қайнап жатқан отқа, 1 шай қасық лимон шырынын араластырыңыз. Құрғақ теріні твазалайтын жақсы әдіс.

6. Сәбіздің көмегі.
Пісірілген сәбіз бен шалқанды ұнтақтап тұрап, қою болғанша араластырасыз. Бетіңізге 15 минуттай жағып, сүтпен жуып тастайсыз. Маскада сәбіздің А дәрумені, шалқанда дәрумендер өте көп, және жақсы тазартатын зат.

7. Аскөктің көмегі
Көктем мен жаздың маусымдарында теріде дөңгелек тәріздес секпілдің көбейіп кететіні бар. Аскөктің бір бумасын алып, жуып, аскөктен суын шығарасыз. 1 ас қасық әсел қосып, араластырасыз. Дайын болған кезінде 40 минуттай бетке жағып қою керек. Бұны жиі қолданған адам секпіл пен дақтардың тез кетіп қалғанын байқалады. Секпілдің дағын байқатпас үшін бетті қатықпен ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығымен 5 пайызды ерітіндісімен сүрткен тиімді.

8 пікір

Zhassiko
Құлпынайды білмеймін, ромашканың басын жұлып, суға қайнатып буына бетіңізді аз ғана уақыт қойып тұрсаңыз, ағарады деседі.
followme_alik
Айтылғандарды ас ретінде ғана танитын едім… :/
Пайдалы-ақ ...)
alikona
Ақпарат көзі қайдан?әлде өзіңіз жаздыңыз ба?
alikona
майда тесіктері
деген не?
alikona
аскөк,әсел деген не сосын?))
AKA
Аскөк — укроп, петрушка; әсел — бал /мёд/.
alikona
сәлем! көп рахмет!
alikona
Негізі өзіңіз жазған шығарсыз деп ойлайм, кеңестеріңіз пайдалы екен, жүзеге асырып көру керек, рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.