↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
08 маусым 2012

Оралман дейді :(

Өмірге артар өкпем жоқ
Ешкімге есем кеткен жоқ.
Жеткізбей жүрсе біреулер
Біреулер маған жеткен жоқ!

Бұл Өмірзақ Қожамұратов деген ақын ағамыздың өлеңі. Осы өлең маған бір серпін беріп тұрады! Ешкімге зияным тимесе екен деп жүремін. Бірақ зиянкес екен деп ойлап қалмаңыздар иә… Өзбекстаннан келгеннен соң ба оралман деген сөз қыр соңымнан қалмады. Бірақ менің бұған ренішім жоқ, бірақ барлығы емес кейбіреулері әдейі ортадан бөліп бізге немесе біз сияқтыларды оралман деп кемсітіп құдды бір алдында жаңа ұлтты қөріп тұрғандай сөйлейтін өзімнің бауырларыма жаным ашиды. Не істейсің амалың жоқ, түсінгенге бұл құлдық сананың көрінісі деп ойлаймын. Көбіне айтатындары кезінде зұлмат кезде қашып кеткенсіңдер, енді қазақстан ел болғанда қай беттеріңмен ұялмай келіп жатырсыңдар деп бір рет ұстазым қатты намысыма тиіп еді оған оқушыларда жағымпазданып қосылып мені жер қылды. Шыдамадым. Айтпайын деп едім. Айттырды…
Қазақтың жері кең болған. малдың қамымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген. Ал менің көшіп келген ортам тура сол қазақтардың бұрыннан қоныстанған жері еді (2000 жылға дейін сол аймаққа бір де бір өзбек табанын аттап баспады, кейін қазақтар саны азайған соң өзбектің қарасы көбейді) Кешегі Кеңес үкіметі кезінде сол аймақ қызылорда облысына қарайтын, бірақ облыс орталығы алыс болған соң, жақын тұрған бұхара облысына қаратып жіберген. ол кезде өзбекстанда да, қазақстанда да қызыл тудың желбіреп тұрған кезі ғой бәрін мәскеу шешеді. кейін еліміз тәуелсіздік алды, бірақ та ол жерлер қалып қойды. тек өзбекстанда ғана емес, ресейде де қаншама облыстар кетті ғой. бірақ сол бұрынғы ата бабасы қоныстанған жұрт елдігінен айырылған кезде қазақстанға көшіп келсе айып па? осыны түсінбедім. Бізді негізі оралман емес ирредент дегені жақсы. себебі біз ата бабаларымыз қоныстанған өз жжерімізден келдік. Біз тұрған жерде Әйтеке би бабамыз жатыр, Мысалы ресейдің астрахань облысында күй атасы Құрманғазы жатыр. сонда олар қашқын ба? ЖОҚ ӘРИНЕ! олардың барлығы өз қоныстарынан келді! иә қоныстарынан! сондықтан құлдық санадан босауға әрекет жасайық бауырлар. Әр қазақ менің жалғызым! Сіз ше оқырман, қалай ойлайсыз?
?

Пікірлер:14

  • Chimaq
  • 08 маусым 2012, 13:53
  • 0
Taghy oralman zary)))renjimegeisiz))
барлығы емес кейбіреулері әдейі ортадан бөліп бізге немесе біз сияқтыларды оралман деп кемсітіп құдды бір алдында жаңа ұлтты қөріп тұрғандай сөйлейтін Bundaidar orys aghsyn korse oryscha soilep jaghymsyp ketetinine kamil senem....))
avatar
  • Jolai
  • 08 маусым 2012, 14:02
  • 0
сіз сенсеңіз мен көріп жүрмін ғой((( өкінішті
  • AL-ASTER
  • 08 маусым 2012, 14:15
  • +3
Амиго, егер алдыңа қойған үлкен мақсаттар болса, мұндай ұсақ-түйекке мән берме. Немесе сөз таластырып жүре беру керек. Айтпақшы, ұрсысып тұрған екі адамның қайсысы ақылдырақ, кінә сол адамда көрінеді. :) Әдемі сөйлегенше, әдемі іс тындыру керек, сол кезде саналы адам еріксіз мойындайды. Мойындамағаны, ақылсыздығының салдары. Ондай адамның көңілін аулап керегі жоқ, аяуға ғана тұрарлық дегеннен басқа айтар жоқ.
avatar
  • Jolai
  • 08 маусым 2012, 14:19
  • 0
Айтысқым келмеп еді. қайтем уақытымды алып, бірақ бауырларымнан естігенін қаламаймын. Қазақ қайда барады сонда?
  • AL-ASTER
  • 08 маусым 2012, 14:20
  • 0
Қазақ нормальный) Адам бірінші өзіне қарауы керек сияқты. Мәселен, Шахановтың Гималай жолбарысы! Тамаша мысал
avatar
  • Jolai
  • 08 маусым 2012, 14:21
  • 0
мен таласпаймын
avatar
  • Jolai
  • 08 маусым 2012, 14:27
  • +3
Өмірге артар өкпем жоқ
Ешкімге есем кеткен жоқ.
Жеткізбей жүрсе біреулер
Біреулер маған жеткен жоқ!
точняк))
Жоқ жерден… тағы бір пост шыққалы тұр ма?:))
жоқ,
Қалың ұйқыдан кейін Белсенділікті арттыратын дәрі ішіп алып ем, Садық... )))
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 21:29
  • 0
Бауреееем, ашумен жазғаның сонша, жаңа ой ҮЛКЕН әріппен басталатынына да қарамай жазыпсың. Қатты ашуланған сияқтысың ғой. Ит үреді, керуен көшеді © немесе Ел не демейді, ешкі не жемейді ©.
avatar
  • Jolai
  • 09 маусым 2012, 00:46
  • 0
Осы Қырмызы болмаса :) дұрыс айттың… не айтсада елемей жүре беруші ем соңғы кезде тым қатты көңіліме тиді ше(((( сосын жазып тастадым)) бөліскендеріңізге Аллаһ разы болсын бауырлар! ризамын! осындай дос тапқандарыма)))
Жат жұрттан оралған қандас бауырларымызға ешқандай кері пікірде емеспін. Қаншама жыл туған жерден бөлек тұру да оңай емес. Оларды күндей беруді қою керек. «Жеріңді қызғанып жатқан болсаң, соғұрлым қай-қайдағы орыс пен қытайға кетіп жатыр. Одан да өз бауырыңа жаның ашып сол жердің бір жапырағын соларға бөліп беруге тарлық қылып өлдің ба» дегім келеді денесі терісіне сыймай жүргендерге. Мейлі, көбінің білімі нашар делік, бізбен интеграцияға түсуі қиын болып жатыр делік, ештеңе етпейді. Құдай қаласа, тағы бір 5-10 жыл өткен соң бұл бауырларымыздан да керемет ғалымдар, даңқты спортшылар, қызметіне адал басшылар шығатынына сенемін.
avatar
  • Jolai
  • 09 маусым 2012, 11:36
  • 0
«Жеріңді қызғанып жатқан болсаң, соғұрлым қай-қайдағы орыс пен қытайға кетіп жатыр. Одан да өз бауырыңа жаның ашып сол жердің бір жапырағын соларға бөліп беруге тарлық қылып өлдің ба»
Тамаша айттың Сәке!
avatar
  • Jolai
  • 09 маусым 2012, 11:45
  • 0
Бөлінгенді қаламаймын! Бұл құлдық сананың көрінісі деп білемін! Бұл постты жазған себебім жік салу емес! Өз қандастары туралы теріс пікірде жүрген бауырларымның жақсы ойда болуын мақсат тұтып жаздым!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.