Тойдың боларынан "болады"сы қызық

Өз ойым /

Ол кезде көктем еді.
Қызықтың бәрі ағамның "үйленемін"-інен басталды. Дұрысы, "үйлен!", — деп ата-анам үгіттеген-тін.
Жасы келген кез-келген жігіттердің үйленгісі келгендегі жалғыз проблемасы барға ұқсайды, онысы "үйленетін қыз жоқ!". Өзі таппайтын болғасын "өзіңізге ұнайтын қыз іздеңіз" деп мамама ескертсе де мамам көрсеткен қыздың бірде біреуін ұнатпады.
Бәрі дайын болса да қыз таба алмай біраз әуреге түстік оу, махаббат қайда деймін? Осылай сенделіп жүргенінде менің басымда мынадай қызық болды. Күтпеген жерден, кездейсоқ бір қызбен танысып қалдым. Ісіміз бір болған соң ба, тез тіл табысып алдық. Менен екі жас кішілігі бар, қазақтың нағыз сұлуы демесем де қараторының әдемісі екен, қасы-көзі қиылған өзбекке ұқсайды өзі. «Ағама таныстырсам қайтеді...» деген ой сумаң етті де, кетерімізде нөмір, логиндерімізді алмасып алдық, өзі де соған сұранып тұр екен. Не керек, кешкісін ол агентке кірді. Бұрын жеңгетай болмақ түгіл екі жастың таныстығына да себеп болып көрмеппін. Біраз қысылғаным ештеңе емес екен. Есесіне ол елімді, жерімді сұрап, өзі-ақ барін сұратып тұр. Қызық болғанда, менің ағаммен қатар ағасы бар екен де, сонымен таныстырмақ ниеті бар екенін байқатты.))) Мәссаған, мен аузымды ашып үлгергенше алдымды орап кетсін, ағасын жата кеп мақтайды "өзі иманды 5 уақыт намаз оқиды, қақ-соқпен жұмысы жоқ, ішпейді, шекпейді..." ))) Мән-жайды түсіндіріп, өзім күлдім.
Қой, нөмірін ағама бере салайын, өзі бірнарсе етер.
Жақсысы, ағам қызды өзі тапты. Кешегі үйленген жолдас баласына жолдас болып еріп барып, қыз жолдасқа «сыныпты». Не керек, әйтеуір қыз табылды.


Тәтті шәй.
Ағам болашақ жеңгеммен бір-екі айдай «махаббат» болып жүрді де, үйленетін болып сөз байласты. Жеңешем жоғарғы оқу орындарының бірінде соңғы курста оқиды екен, мамандығыыы… ұмытып тұрмын.
Ендігі мәселе, қызды қалай алып келу, құдалық дегендер болды. Алып қашуға үзілді-кесілді қарсы болғанығымыздан мамам өзіне жақын деген қайынсіңлісін ертіп құдағиды тәтті шәйға шақырған. Тәтті шәй — екі жақтың ата-аналары кездесіп, бір мәмілеге келу. Тәтті шәйді біз жақ ұйымдастырғанымен олар жақ уақытын өздері айтады. Тәтті шәйдан бұрын мамам қызбен кездескен де "әп-әдемі екен" деп мақтап келген.)))

Сонымен не керек, тәтті шәйдің уақытын біраз созды. Болашақ жеңешемнің әкесі он ағайынды үлкен әулет екен де, солардың бірінің құдалығы ма, ұзатуы ма болып біздікі біразға кешікті, 27.не өзімізше белгілегенімізбен «тәтті шәй» 4.не шегерді. Үлкендер жағы тәтті шәйлатып, қыз жақ бірінші болып құдалық шақыратын болды. "Әулетіміз үлкен, қызды жәй ұзата салсақ сөзге қаламыз" дегесін қызды үйден шығарып салу рәсімімен, құдалықты қатар көтерді. Қазіргі таңда құдалықты қыз жақ бірінші болып шақыру әдет болып барады.
Содан, «шики-шики»мен 3.і де келіп жетті, яғни, құдалыққа баратын күн. Олар күндізгі 12.ге шақырған. Әуелі кафеде құданың жолдастары, одан кейін ағайын, одан соң қыздың өз үйінде күтілетін болды.

Құдалықта не қызық болғанын білмеймін, бірақ келесі постымда оғанға дейінгі қызықты айтайын.

35 пікір

yesbolat83
Жалғасын асыға күтемін.
m170785
Құтты болсын Көркемжан, бақытты болсын.
Guka
Құтты болсын! Сізге де жұғысты болсын))) Ағаңыз бен жеңешеңіздің суретін салуды ұмытпассыз деген ойдамын!!!
qyrmyzy
Ағам болашақ жеңгеммен бір-екі айдай «махаббат» болып жүрді де, үйленетін болып сөз байласты.
ық ық, берем десе, тесіктен де береді деген осы ау…
Тәтті шәйдан бұрын мамам қызбен кездескен де "әп-әдемі екен" деп мақтап келген.)))
күштііііііі
Енді жолым ашық де.Саған да менің тойымда қыз жолдас болып, жігіт жолдас саған сынуды жазсын, ИНШ! ық ық, Көркем, ұш жылың бар әлі:)))))))))
Бақытты болсын:)
Dan4ik
оппа тойға баратын боппыз ғой Айтаберліктер болып бәріміз
VVVWWW
Сендей қарындасы бар аға бақытты ғой
Aikona
Құтты болсын жеңгең! Өзіңмен салыстырма, сен өте пысық қызсың ғой. Ақырын үйретіп жібер.
Zhanat
Сені шаршатқан, менен алыстатқан, жыр болған, жаңбырдың астында қалған беташарды тез жазшы))))))
Delfina
осы Ақтөбенің беташары жаман ау))) жарты сағаттан астам тұрып қалады келіншектер.Оралда (туған жерім) жақсы. Бір сәлем айта салады "қайнағаларына бір сәлем" деп))
korwinin_kyzy
логиндермен алмассу
korwinin_kyzy
бізбенде логинмен алмассайш?
Korkem
өзі жалғыз-ақ ағам еді)))
AKA
"Әулетіміз үлкен, қызды жәй ұзата салсақ сөзге қаламыз" дегесін қызды үйден шығарып салу рәсімімен, құдалықты қатар көтерді. Қазіргі таңда құдалықты қыз жақ бірінші болып шақыру әдет болып барады.
Түсінбей қалдым ғой, қалай сонда? :)
AKA
Құда түсіп, сырға салу ма? Үйбәй, құдалықта не қызық болғанын білмеймін дегенінес? Бармадың ба сонда? ((:
AKA
Ағаңның үйленгені қандай жақсы болған ә?! :)) «Асыл жеңешем...» деп әндетіп қоймап ең, ақыры тауып беріпсің ғҰә өзің :)))
Korkem
Жоқ! Алла маған жеңгетайлықты жазбапты. )) Өзі тапты деп отырмын ғой
Delfina
сол қара қызын тап болмағанба?
AKA
Сонда сен танысқан қыз, әлгі тойда қыз жолдас болғаны ма? Түүүһ десиш, тамаша :))
Korkem
Жоқ! Уаще түсінбейткенсің. Сәл болмағанда рубен секілді кері айналып кете жаздапсың, оның уақытында кеткені қандай жақсы болған, сені Құдай сақтаған ғой...))
AKA
Рубені(м) сеніменен егіз бе едім?! муахаха (((: Не ғой, әйтеуір екеуіңнің де таныс қыздарың бір болып шықты ма? Әлде сенің таныстырам деп жүрген қызың басқа, оның қыз жолдаспен танысқаны басқа ма?
Korkem
Иә, ағам өзі тапты.
AKA
Уффф, түсіндік-ау әупірімдеп :))
m170785
Көркемжан егізіңіз табылған ба немене)? Түсінбей қалдық қой, Қайсысы Көркем, Қайсысы анау екенін ))
Korkem
авамды қойып алыпты көршінің қызы))
korwinin_kyzy
Анау деген анайы естыледы екен анайы деген бір түрлі сөз екен вобшым АНАУЫН НЕ?
Korkem
Рубені(м)
ұжыС
AKA
((((: Не ғой, құтты болсын той! Сіздің тойға баруды жазсын инш :)
pari
мамам көрсеткен қыздың бірде біреуін ұнатпады.
мен мынадай дәстүрді кинодан ғана көруші едім. Шымкент жақта да бар екен ғой. Таңқалдым:)))
өзбекке ұқсайды өзі.
дегенмен Шымкенттікқой, бұнысына таңқалмадым:)
Айтпақшы бақытты болсын. Ақ құсын аялы алақанынды мәпелеп аялап ұшырып алмай бақытты етсін:)
Korkem
Құдооой, аузыңның сүті кеппей жатып, айттың-ау сен де. Ертең азамат болғаныңда осында соғып кетші..))
baur79
завтра свадьба, завтра той :)
konvict
Әй, екеуміз логин алмаспай-ақ үйленеміз
ereke_enu
Бұл не той десем осы екен ғой. Керемет. Эмоция ұрып тұр. Ағаң емес, сенің тойың секілді))
Не дейміз енді?.. ііі… Екі жас бақытты болсын! Тойың тойға ұлассын! Осындай ақ дастархан басында кездесе берейік!;)
Korkem
тілегіңіз неткен жақсы еді, амин!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.