Уақытты босқа өлтірмеңдерші!

Уақыт… үлгермеу… өкіну… жүгіру… өкпелеу… армандау… сағым… кеш… бітті!!!


Достармен кездесіп, іштегі қатпар-қатпар шерді тарқатқанға не жетсін. Ақылын айтып, қамшылап дұрыс жжолды көрсететіндер бар, сенің мәселең дым қызықтырмайтын достар да бар. Кездесе салысымен өз әңгімесіне басып, сіздің пікір, комменттеріңізді елемейтіндер де бар. Мысалы, маған konvict пен реалда әңгімелескен ұнайды. Неге дейсіз ғой? Әңгімесі қызық. Неше түрлі кітаптар мен кино, материалдар жайлы айтады. Ақылдасқысы, мәселені шешкісі келеді. Фантазиясы керемет жігіт. (жасырын жарнама:) )
Сонымен:



1. Сіздің жеке басыңыздағы мәселелер досыңызға қызықсыз болуы мүмкін;
2. Сіздің көршіңіздің әпкесінің енесінің көршісі балалы болғаны да қызықсыз;
3. Лекцияда құрбыңыздың ұялы телефонын эдвайзеріңіз алып қойғаны точно қызық емес;
4. Физикадан сабақ беретін жездеңіздің оқушыларының тәртібі тіпті қызық емес.
5. Көшедегі, аялдамадағы, кептелістегі, жұмысыңыздағы сізге қызықты болып есептелетін оқиғалар, құрбыңызбен агент арқылы айтқан әңгімелеріңіз, жігітпен, не қызбен кездескендегі айтылған бос сөздер, ой диалогтар… ҚЫЗЫҚ ЕМЕС!

Жоғарыдағы көрсетілген пункт менің басымнан өте береді, өте береді… Алғашында ыммен әңгіменің қызықсыз екенін көрсетесің. 5 минут өтеді. Әлі сол әңгіме…



Сонымен, егер сіздің де басыңыздан сондай моменттер жиі кездессе, мынадай тәсілдерді қолданып көріңіз:
1. Егер досыңыздың әңгімесі сізге қызықсыз болса, көзіңізбен намектаңыз. Яғни досыңызға емес, айналаңыздағы заттарға, адамдарға ақырын қарай бастаңыз.
Әсер етпеді ма, онда екінші пункт:
2. Минут сайын«аааа», «ыммм», «ііім», «ееее» деген сөздерді айтпаңыз.
3. Ештеңе шықпады ма? Келесісін жасап көріңіз: Кенет қолыңызбен бірдеңені көрсетіңіз. Немесе қатты дауыстап біреуді шақырыңыз. Досыңыз айтып отырған әңгімесін ұмытып қалуы мүмкін.
4. Басқа әңгімеге көшіңіз. Досыңыз әңгімесі қызық емес екенін түсінеді.
5. Қимылдаңыз. Тыпыршып, ары-бері қозғалыңыз.
6. Ешқайсысы әсер етпесе, «қойшы, басқа әңгіме айтайықшы» деп айтуға құқығыңыз бар екенін ұмытпаңыз.

Сонда достарыңызбен кездескенде нендей әңгіме айтамыз деп отырған шығарсыз?!

Достарыңызбен кездескенде, мейлінше, екеуіңізге ортақ тақырып айтылуы керек. Мейлі мектептегі екеуіңіз бірге жасаған косяктарыңыз, мейлі студент кезде қиналған сәттеріңіз, мейлі жігітіңізбен, яки қызыңызбен айырылысқаныңыз.… бірақ өзіңіз жайлы, таңертең ерте тұрып, жұмысқа дейін көрген мылжың оқиғаларыңыз жайлы, немесе сыныптасыңыздың туған күніне киген киіміңіз бен танысқан жігіт-қыздар жайлы әңгімелеріңіз жайлы айта көрмеңіз.



Сізді керек еткен адам, сіз жайлы, айналаңыздағылар жайлы, көршіңіздің хәлі жайлы өзі-ақ сұрап алады, уайымдамаңыз! «Менің ана бір досым...», «Менің жұмыстасым...», «менің сіңілімнің жігіті...», «менің...», «мен...», «… мен… менің»… не деген бітпейтін«мендер!»
Мейлінше, досыңызға керек ақпараттар айтуға тырысыңыз. Жігерлендіру, демеу, ақыл айту, көзін ашу, үйрету, көрсету, талқыға салу…

Кейде досыңыз сізге сөз бермесе, өзіңізді жақсы тыңдарман екенін мойындаудан басқа амалыңыз жоқ.
Уақытты уақытымды өлтірмеңіздерші!

32 пікір

avatar
Сіздің көршіңіздің әпкесінің енесінің көршісі балалы болғаны да қызықсыз;
Жер тепкілеп күліп жатырған смайлик.
Кей сәттері менде «аааа», «ыммм», «ііім», «ееее» деп тұрып алатын кездер болады.
  • qyrmyzy
  • 0
қоса отырыңыз!
EnD virttagy manevrlar men sms almasu etiketin aita ketsen… ignordan koz ashpaudamyz :))
  • qyrmyzy
  • 0
вирттағы бітпейді-ау, бітпейді…
  • Abylai
  • 0
Өте жақсы тыңдарманмын. Сөйлегеннен гөрі тыңдап отырам
Сәбеседник тарапынан айтылған 38% информ-ына «ақпақұлақтық таныту»… таныс па?)
  • Abylai
  • 0
жоқ ұйып тыңдаймын. :))
Ая құлақты_)
avatar
  • Jako
  • +2
6. Ешқайсысы әсер етпесе, «қойшы, басқа әңгіме айтайықшы» деп айтуға құқығыңыз бар екенін ұмытпаңыз.

Ең әсерлісі осы сияқты.
  • mairosh
  • +2
Мен бірден
6. Ешқайсысы әсер етпесе, «қойшы, басқа әңгіме айтайықшы» деп айтуға құқығыңыз бар екенін ұмытпаңыз.
осылай айта салады екем. уахах ойымды оқып қойғандайсын))
Және күнде бір темада айтылатын әңгімеде қызықсыз қалады)
  • qyrmyzy
  • 0
иә, соңғы сөйлеміңмен келісем
Өзім шығарған Қанатты фразамды жазп жыберейн

Сенің бос уақытында Компьютер ойнаганын ойынын
Сол сенің бос уақытын!!!
***
  • qyrmyzy
  • 0
жалпы биреулер айтадыго(мен бос уакытымда компютер ойнаймын деп)
айтқым келгени Компитр ойнап отканы онын бос уакыты емес а бос уакытты бостан боска олтирип отыр дегенимго
тууу шатасып кеттим
  • qyrmyzy
  • 0
керемет ой
  • AKA
  • 0
"Әңгіме айт!" дегенді естісем...((((: Шаршама :)
  • qyrmyzy
  • 0
avatar
Рас, айтып отырған әңгімесі сені қызықтыра ма жоқ па мән бермей сөйлей беретін адамдар болады. Осыған орай басымнан өткен бір қызық оқиға есіме түсіп отырғаны.
Бірде түстен кейін оқудан келіп, тамақ пысырып жатқам. Сарымсақты енді қазанға салғаным сол еді телефон шырылдады. Маммен бірге істейтін мұғалім апай екен. Мамның жұмыстан әлі келмегенін айттым. «Жарайды кейін телефон соғармын» деп қоя салады екен десем, қайдағы… «Мен мамана ана бір жайды айтайын дегем, барып едім сүйті-бүйті, анау -мынау» — деп мен түсінбейтін бір теманы зырылдатып ап жібергені. Трубканы ұстап тұрып не айтып жатканын түсінбейм, бар ойым асүйдегі қазанға салып кеткен сарымсағымның жағдайы. Айтайын десем ана кісіде ауыз аштырар емес. Ақыры болмаған соң ақырын трубканы телефон жанына қойдым да жүгіріп асүйге барып қазанның астын өшіріп қазанды плитаның басқа көзіне ауыстырып қойып, келіп трубканы алсам ана апай сол дырылдаған күйі әлі тоқтамаған екен. Сол күйі он минуттай сөйлеп «Жарайды маман келгенде тағы айтам ғой» деп тоқтағаны.
Үлкен кісінің алдында ондай қылығым ұят болғаны рас бірақ басқа амал қалмады.
avatar
  • Korkem
  • 0
«қойшы, басқа әңгіме айтайықшы»
Соңғы өңделген уақыты:
  • AKA
  • 0
  • qyrmyzy
  • 0
қатырасың. Телефон номерді (үй) ешкімге бермейді екем. Жиі келіп тұрсаңшы
avatar
  • Kan
  • 0
«намектаңыз. » ишара жасаңыз осылай қазақша жазыңыздар достар
  • qyrmyzy
  • 0
:) тырнақшаны босқа қоймағанымды да ескеріңіз
avatar
  • Ak123
  • 0
маған жігіттері туралы айтатындарды… еххх...
сосын өтпейтін приколдарын тығатындарды
  • qyrmyzy
  • 0
-Қалайсын?
-Жайлап жаксы
-Қайдан кеатсын
-И жай сабакатан
-Сабақ қалай зачет басталдыма? КАК БУДТО ЖАНЫ АШЫП ТҰР МАҒАН
-жай жай тапсырватрмго
-ммм
-баска не жаналық Мам Пап калай? Как будто тожы жанып ашып тұр
-жаксы бари
-ааа жаксы ондай мен кеттим онда Салем айт уйдегилерге
-жарайт жарайт айтармын Уйге Салем айтуға Ұмытып кеттим
-жаксы хабарласып тұр 1 жыл болт али корген жокпын
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
  • VVVWWW
  • 0
Мынау сіздің қолыңыз болмас деп үміттенем:
  • AKA
  • 0
імммм… ееее…
  • qyrmyzy
  • 0
менің қолым болса не бопты?
avatar
  • kema
  • 0
Base nege menimen songy kezderi jurttar soilesudi koigan desem...|||||||
  • AKA
  • 0
Sizdi zanet shygar dep oilaimyz goi :))
  • Madi
  • 0
Мен ылғи адамдармен сөйлесіп отырғанда «ааааа»,«мммм» деп сөйлесіп отырады екем.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.