Ұрлық түбі - қорлық

Өз ойым /
Жазда бір жақсы велик тептім. Сапасы керемет енді, ұнады. Бір басып қойып, ұзаққа дейін барасың. Жылдамдығының түр-түрі бар, тормыздары «дисковый». Аузым беріктігіне қарамай жұмысқа қиналмай барып-қайтатын едім. Бір демалыста қаланың арғы шетінде тұратын ағамдікіне қонаққа баратын болып, тура есігімнің алдына подьезде батареяға байлап кете салып едім. Келсем, өз көзіме сенбедім. Велик жоқ. Телефонмен айтқанда онша сеніңкіремегем. "Қалай?" деген сұрақ санамды жей берді. Ол менің затым ғой. Өте түсініксіз жағдай да, біреудің затын иемдену. Қандай оңбаған адам болу керек. Әлі күнге дейін осыған дұрыс ашуланғаным жоқ. Ол кісіге деген аяныш сезім ғана бар. Ұрлап жатқанын елестетіп көрем, бір жігіт, қап-қара, байланған шынжырды терлеп-тепшіп ысқылайды. Ешкім көріп қоймасын деп жан-жағына жалтақтайды… Аянышты бейне… Қателік еткенін мойындар, затымды қайтарар деген үмітпен ертеңіне сол велик тұрған орынға «Побойся Аллаха воровать в месяц Рамазан. Верните мой велик» деп жазып, астына тел/e-mail қалдырып кеттім. Одан да нәтиже шықпады, көп ұзамай ол жазуды да біреулер жыртып кетті. Қандай ұры-қылмыскер болмасын, күнә адам жанына дамыл бермейді ғой. Бүкіл әлем сені кінәсіз деп ойлағанмен, ішіңнен біліп тұрасың, жаның жай таппайды. (Достоевскийдің «Преступление и наказаниесіндегідей») Сол ойлаймын, кісі ұрлығына өкінген болар, бірақ, сатылып кеткен великті қайтара алмай жүр. Бәлкім, күндердің күні қайтарып қалар. Қош, велик, бұйырса, келер жазда жаңасын алармын…

Жұмыс барысында кейбір программаларды заңсыз түрде қолдана береді екем. Студент кезде прогаларды бұзу қызық болатын. Содан бері қалып кеткен әдет пе, әйтеуір, онша мән бермейді екем. Негізі, бұл да ұрлық қой. Біреудің маңдай терімен жасаған еңбегін, тегіннен тегін ұялмай, рахаттана қолданасың. Ұрлықтың ұрлықтан айырмасы жоқ. Қазір, жағдай келгенше тегін, лицензиясы бар программаларды қолданатын болдым. Құрметті достар, компьютеріңізге жаңа операциялық жүйе, қолданбалы программалар орнатқанда мұқият болайық. Ешкімнің ала жібін аттамауға тырысайықшы…

19 пікір

AL-ASTER
Амиго, менің де горный, әлбетте дисковый тормозы бар велигімді офиске кірердегі есіктің алдына байлап кетіп едім. Осы жолғы рамазан айында еще ауыз бекітіп жүргем. Тож ұрлап кетіпті. )))
Е ма, жарықтық өте жақсы велик ед, Алматының Абаясымен ызғытып келіп, Фурмановамен төмен қарай ұшып келетін ем)))
Abylai
мен алайындеп жұрген великті ма? :(
AL-ASTER
Йә!!! :)
Abylai
:( «Побойся Аллаха. Верните мой велик» ©
ereke_enu
Еее Алматыда тепкен ваще сұмдық шығар. Таудан сырғанап көрдім, великпен түсіп көрмеппін))
AL-ASTER
Йә, Алматыда велик тебу керемет: егер төменге қарай кетсе. Демек, жоғарыға қарай қиналу деген тағы бары жаман-ақ. :)
Abylai
abdurahman да сен сияқты. Пиратский программаларды қолданбайды :) қызық, бірақ білмейм, өзім әлі ондай дәрежеге деткен жоқпын. Иманым әлсіз болып тұр ау шамасы.
ereke_enu
Негізі, дұрыс емес қо. Ертең бір өнім шығарсаң, пираттармен ара-қатынасың қандай болушы еді?)
Abylai
«Побойся Аллаха воровать в месяц Рамазан. Верните мой велик»
:)))) 2006-шы жылы, бірінші курста, менің жыннннды Nokia 7610 смартфон соткамды «жасап» кеткен. Ішім жамаааан өртенім еді, алғаным екі үш ай болған жоқ еді. Сосын күнде жатарда, «соткам табылса екен, ұрылар ұсталса екен» деп тілеп жүрдім. Бір жылдай тілеген шығармын. Ақыры табылмады, содан кейін жатарда тілек тілемейтін болдым :(
ereke_enu
))) Менің де телефондаым ұрланған. Біреуі Nokia 2050 — жай телефон, кейінгісі Nokia 3250 жақсы-ақ еді. Кетті ғой. Алматыда карманщиктер һте көп)
followme_alik
Идея урлау кылмыска жатар болса…
Kan
Ерекең жазып кеті ғой "ұрлықтың үлкен кішісі болмайды" деген секілді. олда біреудің заты емес пе
zhurttyn_balasy
Идея зат емес
ereke_enu
Цукерберг те осылай ойлаған)
zhurttyn_balasy
Одан ол жаман болған жоқ :)
Kan
Зат-яғни дүние, пайдалымдағы нәрсе. Біреудің жазбазы неге зат емес ол оның жеке заты. Зат деп жалпла ма түрде айта беруге болады емес пе. Сонада біреудің жасаған дүниесін рұқсатсыз пайдалансаң ол ұрлық емей неме не.
zhurttyn_balasy
Идея ол идея. Әлі зат бола қойған жоқ. Біреудің бір идеясы бар, бірақ оны әлі жүзеге асырмады. Ерінді, жалқаулығы қысып қалды, өліп қалды, қолынан келмеді, ұмытып кетті. Сол идеяны басқа біреу жүзеге асырса, ол ұрлыққа жата ма?
MSHERIMBEK
Бағдарламаны қолдану құл хаққысына қол сұғу болады негізі :)
ereke_enu
Болады ғой, тек келіп штраф салып кетуі мүмкін да)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.