Махаббат әлде мансап?

Өз ойым /

«Егер Сіз махаббат пен мансап арасында таңдау жасай алмай жүрген болсаңыз, мансапты таңдаңыз. Өйткені ол күндердің бір күнінде Сізді сүймейтін болып шықпайды» Леди Гага осылай депті. Бәлкім, оның сөзінің жаны бар болар. Дегенмен, сүю, сүйікті болу, мейлі қысқа болса да уақытша болса да ғажап емес пе? Адам сүйген сәтте ғана өмір сүреді. Басқа уақта ол тек бар болып саналады. Иә, зат, бұйым секілді жәй ғана бар болуы мүмкін. Өмір сүргіңіз келсе сүйіңіз. Ғашық болыңыз. Жақсы көріңіз. Сүйікті болыңыз әлбетте.
«Жақсы көру!
Не деген керемет ең?!
Қарағаны біреудің жебеге тең.
Бейқам бара жатқан бар ел ішінен,
Кімдер қалай қарайды, елеп өтем.
Өмір сүру үшін де „біреулердің“
Сені жақсы көруі керек екен» — деп Фариза апамыз текке айтпаған болар. Мен махаббатты таңдаймын. Таңдағанмын. Таңдай беремін)))) Ғашықпыыыыын сол адамға!

2 пікір

zhano_almuhambet
Сіз қайсысын таңдайсыз?
sham
сізбен келісемін, шынайы бақытқа махаббатпен жетуге болады, ал мансап бақыт бола алмаса керек…
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.