Браузерлік онлайн ойындар!
Қайырлы күн құрметті Айтабер Блогының қолданушылары. Мен бүгін сіздерді компьютерлік ойынмен, яғни, браузерлік онлайн ойынның бір түрімен таныстырғым келіп отыр! Браузерлік дегеніміз, ойынды компьютерге жүктеудің немесе орнатудың қажеті жоқ, тікелей браузерден ойнауға болады деген сөз. Бастысы сол ойында тіркелсеңіз болғаны. Енді мен өзіме жақсы таныс бір ойын түрімен таныстыра кетейін. Ойын аты TRAVIAN деп аталады. Бұл стратегия жанрындағы ойын, әуелгі баста сізде шағын ғана кішкене жеріңіз болады, ал сіз сол жердің басшысы боласыз. Сіздің басты мақсатыңыз ол жерге қала салып, оны дамыту. Әр түрлі ғимараттар салып, халық санын көбейтіп, әскерлер дайындау болып табылады. Онда сіз ағаш, тас және де бидай сияқты қажетті заттарды өндіресіз. Артынан сіздің қалаңыз жоғарғы деңгейге дейін дамыған уақытта сіз басқа бос орындарға өзіңіздің екінші қалаңызды салуға болады, одан қалса тіпті басқа өзіңізден әлсіздеу қалаларды жаулап алуға болады, әрине ол үшін сіздің әскеріңіз көп әрі мықты болуы шарт. Жалпы өте қызықты ойын деп айтуға болады. Ал енді сол ойын сайты мінекей, осыған басып ойынның сайтында тіркеліңіз: TRAVIAN Браузерлік ойыны
Міне ойын скриншоттары:
Міне ойын скриншоттары:
5 пікір
Браузерлік ойындардан сол баяғыыы, мына ойынды әлі ойнап жүрмін. Әзірше Жүз сексен бір эллементті аштым.