Браузерлік онлайн ойындар!

Компьютерлік ойындар /
Қайырлы күн құрметті Айтабер Блогының қолданушылары. Мен бүгін сіздерді компьютерлік ойынмен, яғни, браузерлік онлайн ойынның бір түрімен таныстырғым келіп отыр! Браузерлік дегеніміз, ойынды компьютерге жүктеудің немесе орнатудың қажеті жоқ, тікелей браузерден ойнауға болады деген сөз. Бастысы сол ойында тіркелсеңіз болғаны. Енді мен өзіме жақсы таныс бір ойын түрімен таныстыра кетейін. Ойын аты TRAVIAN деп аталады. Бұл стратегия жанрындағы ойын, әуелгі баста сізде шағын ғана кішкене жеріңіз болады, ал сіз сол жердің басшысы боласыз. Сіздің басты мақсатыңыз ол жерге қала салып, оны дамыту. Әр түрлі ғимараттар салып, халық санын көбейтіп, әскерлер дайындау болып табылады. Онда сіз ағаш, тас және де бидай сияқты қажетті заттарды өндіресіз. Артынан сіздің қалаңыз жоғарғы деңгейге дейін дамыған уақытта сіз басқа бос орындарға өзіңіздің екінші қалаңызды салуға болады, одан қалса тіпті басқа өзіңізден әлсіздеу қалаларды жаулап алуға болады, әрине ол үшін сіздің әскеріңіз көп әрі мықты болуы шарт. Жалпы өте қызықты ойын деп айтуға болады. Ал енді сол ойын сайты мінекей, осыған басып ойынның сайтында тіркеліңіз: TRAVIAN Браузерлік ойыны

Міне ойын скриншоттары:







5 пікір

Abylai
Стратегия ойындарын ойнай алмай, қызықпай ақыры кететін шығармын бұл өмірден. Казаки, дота, вордкрафт, Рим деп ініп өліп ойнап жатады, үйретші деп бір екі рет қызығым едім, түк кәйпін түсінбедім.
Браузерлік ойындардан сол баяғыыы, мына ойынды әлі ойнап жүрмін. Әзірше Жүз сексен бір эллементті аштым.
Соңғы өңделген уақыты:
followme_alik
«Далбаса!..», деп жүріп, мына ойынға кезіктім _ tankionline.com… уақыт өткізуге таптырмас құрал_ сержант шеніндемін ...whah :)
followme_alik
sovetuyu _amigo, миыңды тынықтыр ;)
korwinin_kyzy
Стратегияга джінім келет кәдімгідей бір теуп кылатыпцагым келет ше))))
korwinin_kyzy
Ойынды қөйдым Негізі Пипа 11 дин мастеримин
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.