Анаға қарыздар бәрі

Мен анамды әзілдесіп көтеріп алдым,
Және он адым жүрмей жатып жылап жібердім;
Сорлы анам… сондай жеңіл боп қалған еді.

Исикава Токубоку

Қалай ғана тәңірі осыншама бойына мейрім сыйғызып жаратты екен Ананы, қалай ғана? Осы бір қиын-қыстауға толы өмірдің тар жолында қалай ғана Ана маңғаз басып еркін, мейрім шапағат нұрын төгіп жүре алады екен ә?! Осындайлық үшін де бүкіл адамзат баласы қарыздар Ана аталмыш құдіретке, мәңгілік қарыздар.
Төлегенше айтсақ;
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен.
Әлем қарыздар Аналарға, өне бойындағы әділетсіздіктерімен Ананы әурелегені үшін, жер қарыздар Анадай құдіретті өз бауырына булықтырғаны үшін, аспан қарыздар Ананың шырқау биігінде төніп тұрғаны үшін, күн қарыздар Анаға, жиырма төрт сағат үнемі шуақты, нұрын төкпегені үшін, ай қарыздар Анаға жыл он екі ай жолын Ананың жарытпағаны үшін, перзент қарыздар Анаға қарызын парыз, парызын қарыз деп білгені үшін.

3 пікір

Korkem
Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгеленген дүниеде,
ЖАН АНМ, кім бар сендей қымбат маған?!
Korkem
Анам дегенім, не ғой пікірді өңдеу мүмкіндігі жоқ па?
Moldir_96
ондай мүмкіндік жоқ сияқты… Көркем!
Aknyet99
Базар жоқ жазыпсың!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.