Бұл өмір...

БҰЛ ӨМІР…
Бұл өмір қысқа құстың тұмсығындай,
Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.
Өкініп өткен күнге өксігенмен,
Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?

Бұл өмір ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, …Қоштасулар,
Таусылған тағдырларды теңдеп алып,
Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.

Бұл өмір жауабы жоқ, сұрағы бар,
Алдамшы арзан бақтан кім арылар?
Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,
Көктемде көз жасына куә қылар.

Бұл өмір кімге мәнді, кімге мәнсіз?
(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).
«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»,
Қайтейін, ғұмырымды гүлден әлсіз.

Бұл өмір бізге мәлім өткел сынды,
Өтем деп сол өткелді көп тер сіңді.
Жазғырып жаратқанды жылаймыз ау,
Жүргендей қатар кешіп от пен суды.

Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.

авторы: Қалқаман Сарин

15 пікір

Korkem
Өмір! Өмір! Керемет жазылған, мен Қалқаман Сариннің қаламынан шыққандарға қанық емес екем. Кітапханаға барғанда есте жүретін екен…
MSHERIMBEK
Өкінішке орай Қалқаманның өлеңдері кітапханада тұратындай тарихқа айналып үлгерген жоқ.

пы.сы. МузАрттың әндері сөздерді осы ақын жазады.
Korkem
бәсе, барін білетін шығармын жазушылардың деп жүрсен, қалыс қалып бара жатқанға ұқсаймын ғой…
MSHERIMBEK
Ақынмын дегеннің барлығын біле беруге міндетті емеспіз ғой:)))
Moldir_96
Қалқаман Сарин қазіргі заманның ақыны! Өлеңдері керемет! Оқуға кеңес беремін...)
Jako
Көркем,Қалқаманның өлеңдерін www.kandastar.com/forum.php осы жерден оқуыңа болады.
Korkem
Оооооооо үлкен рахмет, ризамын!
Togzhan
www.kalkamansarin.com/ мына жерде Қалқаман Сариннің авторлық сайты бар!
Togzhan
Мынау тамаша сайт екен, рахмет!
Jako
Тоғжан қай сайт туралы
Togzhan
Jaco, www.kandastar.com/forum.php мына жердегі сіз жазған сайтты айтамын.
Togzhan
Ойбу, атыңызды қате жаздым, кешірерсіз! Өңдеу мүмкіншілігі жоқ екен...өшіріу де((
Jako
Дұрыс байқағансың, жақсы сайт.
akil_kalta01
Moldir_96 тамаша жарайсың! Жастардың жас ақындардың өлеңін оқығанына іштей қуанудамын! Текалға қарындасым!!!
Moldir_96
Көп рахмет! Алла разы болсын!:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.