Сәбіременні "Қара жорға" әні

«Жынды жорға» болмаса,
Дискотека бола ма?!
Мини киім кимесе,
Қызға көңіл тола ма?!
Биле, биле, сұлуым,
Балқытады жылуың.
Тынбай билеп тоқтамай,
Бұратылсын буының!
Ал, қанекей, пацандар,
Тормоз ұстап, саспандар.
«Жынды жорға» — тема ғой,
Жорғалаудан қашпаңдар!
«Телкаларың» қаласа,
Зажигать ет жараса.
Гламурный қыздарға
Көрмеңіздер таласа!
Ортаға шық, ну жастар,
Нашақорлар – руластар!
Шегіп алсаң «косякты»
Кайф болар қу бастар…
Героинге тоймаңдар,
Қой десе де, қоймаңдар!
«Жынды жорға» бітпесін,
Күні-түні тойлаңдар!
Алдың-дұлдың күйімен,
Тасыр-тұсыр биімен.
Басқосуы жастардың
Басталар «жынды» биімен.
Түнгі клуб – көк түтін,
Қызда киім жоқ бүтін.
Жорғаласа жалаңаш
Деп қалмаңдар «Жоқ күтім!»
Сыра болған шырыны,
Қолыңда жүр шылымы.
Бүгінгі күн қыздардың
Осы боп тұр қылығы!
Бұл — қоғамның шындығы,
Бұл — өмірдің сұмдығы!

12 пікір

Armanjan
қыздар ашуланбай, жәй ғана хе хе хе деп отырып оқыңдар! (қалжың ғо)
MSHERIMBEK
Кешіресің, Ареке! Өкінішке орай бізде зындан жоқ еді:))))
Armanjan
Бірақ зындан жоқ екен деп, басы-басымен кетіп, сайтты қызықсыз қып жіберетіндер болмайды деп сенемін)))) айтпақты Қарасақал пайдаланбасақта көріп өзің қайтарып береміз, бірнеше смайлик іліп қойсай)))
MSHERIMBEK
:) Ырзамын ғой саған:)
vkm
Афторды зынданға(
MSHERIMBEK
қалай ғана сіздің даусыңыз шықпай қалды деп отырған едім:) құтқардыңыз:)
vkm
хехе) Мен де бір түсінікті адаммын, иә?))))
MSHERIMBEK
Өте жақсы нәрсе сол:)
Delfina
Бұл — қоғамның шындығы қайтеміз енді. Кей жерлерін тым асыра сілтеп жіберіпсің!:)
Jako
Намыстарыңа тиіп жатыр ма?
Erlan
Азған елдің бет пердесін ашыпсың шындықпа әлде асыра сілтеу білмедім бір әркім өзіне бек болса, не болсада мұсылман ел едік
Turekhan
Керемет сын өлең десе болар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.