Әкеге тілек

Тағдырдың мойымастан тепкісіне,
Жасаған жақсылығын тек кісіге.
Табиғи жастық қалпын өзгертпеген,
Тәйірі, оған мынау жетпісің не?

Көріпті ол сыннан нелер тыс қап,
Кешегі кезде де сол қатал-қыспақ.
Жауыздарға соққысын берген талай,
Автомат пен қайласын қатар ұстап.

Өз жолын әрқашанда анық басқан,
Елі үшін еңбек еткен жалықпастан.
Білеміз жүрегінде оның берік,
ізгілік қасиеттер қалыптасқан.

Өткен күндер десек те бұлар елес
Алдыңызда шығар көп тұр қыр-белес.
Жаны — жаз, көңілі — көктем сіздей жанның,
Өмірде қартаюы мүмкін емес!

Атамызға үлкен ағамыз (әкеміздің ағасы)70 жылдығына орай шығарған екен,үйден тауып алып ем, көпшілікке ұсынуды жөн көрдім, керегіне жаратар деп.

Бір кездері КерекИнфоға жазғанмын

2 пікір

Moldir_96
Жақсы жазылған!) Шынымен де әкелердің қартаюы мүмкін емес! Бет-әлпеті қартайса да, көңілдері мәңгі жас!
QAZAQ
70-ке жеткен атаң да, онымен бірге жасасқан ағайындары да бақытты шығар. Көзіме жас келді, әкем де, аталарым да бақилық.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.