Уақыт пен балалық

Ойлансақ өмірдің әр сәтін санап,
Уақытын тоқтата ма дүние-сағат?
Кешегісін қайтарар кім бар екен?
Түзеу үшін істерін басқан ағат.

Қолдан келмес, бұл уақыт кері қайтпас,
Өткен өмір уақытпен берік айқас.
Заңға бағын, балалық, сен де қош бол,
Тарих-жылдар төріне келіп жайғас!

Өткен сендік әр күнім сағынышты,
Әттең, өмір уақытқа бағынышты.
Балалық, мен сенімен қалар ма едім?..
Уақыт мені ол күннен алып ұшты.

Есейерін кім білер бал шағында?
Ол өтміштің қалады алшағында!

11 пікір

gulmyra
Есейерін кім білер бал шағында?
Ол өтміштің қалады алшағында! ))))))) унады, СУПЕР!
yesbolat83
Қайран балалық шақ! Неге екені, соңғы кездері оралмас арман боп кеткен ойын баласы балдәурен кездерімді жиі-жиі еске алып, қатты-қатты сағынып жүргенім. Неге біздер үлкен азамат болуға асықтық екен.
Төмендегі өлең жолдары қатты ұнады:
Өткен сендік әр күнім сағынышты,
Әттең, өмір уақытқа бағынышты
Балалық, мен сенімен қалар ма едім?..
Уақыт мені ол күннен алып ұшты.
.
jalyn
Жақсы жазылған өлең. Біраз ойландырып тастады ғой))
Jurman
Рахмет! Жан бауырым!!!
Jako
Сәттілік тілеймін,әзірге осы.
assiya_nurlybaeva
Балалық, мен сенімен қалар ма едім?..
Уақыт мені ол күннен алып ұшты. Осы жыр жолдары маған өте қатты ұнады. Жарайсың, жас ақын! Жазарың көп болғай. Жақсы туынды.
Kan
Қолдан келмес, бұл уақыт кері қайтпас,
Өткен өмір уақытпен берік айқас.
Заңға бағын, балалық, сен де қош бол,
Тарих-жылдар төріне келіп жайғас!""" керемет сөздер. Тек жалпыға жағымды тақырып. Бала кездің бақытын қимайтынымыз рас. Бірақ бала болып қала беруде ақымақтық. Өсіп-өнгенімізді де шүкіріп етелік. Ақыл-есі өспей бала болып қалғаннан сақтасын.
керемет өлең… шынында да, ойға батып кетеді екенсің…
Өткен сендік әр күнім сағынышты,
Әттең, өмір уақытқа бағынышты.
ДӘЛ ОСЫЛАЙ ЕКЕНІН БІЛЕ ТҰРА, КӨБІМІЗ УАҚЫТЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙ АЛМАЙТЫНЫМЫЗ ӨКІНІШТІ... Жақсы, мағыналы өлең…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.