Уақыт пен балалық

Ойлансақ өмірдің әр сәтін санап, Уақытын тоқтата ма дүние-сағат? Кешегісін қайтарар кім бар екен? Түзеу үшін істерін басқан ағат. Қолдан келмес, бұл уақыт кері қайтпас, Өткен өмір уақытпен берік айқас. Заңға бағын, балалық, сен де қош бол, Тарих-жылдар төріне келіп жайғас! Өткен сендік әр күнім сағынышты, Әттең, өмір уақытқа бағынышты. Балалық, мен сенімен қалар ма...