Өлеңдер

ТІЛЕК

Бірінші тілек тілеңіз
Бірлік мәңгі орнасын
Бағалай білейік әр тасын
Тәуелсіз қазақ елімнің
Жасыта көрме әр жасын
Екінші тілек тілеңіз
Еркіндік берген елімде
Тайраңдап жүріп төрінде
Қысық көз қытай басқасы
Алартып көзін салмасын
Сақтасын Аллам кегінен
Үшінші тілек тілеңіз
Ұшқалақ қыз бен келінің
Енесін ұрып жатпасын
Арын сатып көшеде
Саудаға тәнін салмасын
Төртінші тілек тілеңіз
Тұғырлы тілім еңселі
Жойып кетуден сақтасын
Бесінші тілек тілеңіз
Бесіктен шықпай нәрестең
Жетімде қалып жүрмесін
Мүгедек болып жастарым
төсекте тартып жатпасын
Алтыншы тілек тілеңіз
Алып ерлер туылып
Халықтың қамын ойласын
Басқа ұлттар алған алтынды
Қазағым қанжығасына байласын
Жетінші тілек тілеңіз
Жетім балаңыз азайсын
Жесірің қанғып ел кезіп
Қоқыста балан жатпасын
Шарана болып езіліп
Сегізінші тілек тілеңіз
Сақтағын Аллам пәледен
Жазықсыз кеткен жаладан
Түрмедегі ұл-қыздың
Өмірі босқа өтпесін
Тоғызыншы тілек тілеңіз
Тәңірім сақта елімді
Безбүйрек ана кемісін
Қариялар үйінде ата-әжең
Бозарып жасы ақпасын
Оныншы тілек тілеңіз
Оңғарсын Алла істерін
жас отаулар іргесі
мығымды болып орнасын
Сәбилер саны көбейсін.

ТАҒДЫРЫМ

Итпен — құспен сырласып ем жасымнан,
Қиын күнде табылар деп қасымнан.
Біреу үшін, күлкі мазақ болдым-ау,
Жаман адам сөз басынан асырған.

Ар намысты үстем қойдым бәрінен,
Көз ашпадым бала күннен жәбірден.
Бiр Аллаға аян жақсы жаманым.
Басқалардың пікіріне зәру мен.

Санам менің енді оянды түнектен,
Қыз едім мен қайғы шегіп күнелткен.
Көтергендей бар әлемнің азабын,
Уайым бар жүрегімді жүдеткен.

Талай рет тауым менің шағылды,
Талай рет өткердім мен дауылды.
Бәріне де төзіп келем, тағдырым,
Алла бір күнi ашар мекен бағымды…

ТҮС

Түс қанат кірпікті періщтем…
Өзіңмен қауыштым түсімде,
Келдіңіз қай жақтан пейіштен?!
Еріндер жабысып өбіскен.

Бал сезім, еріті құшақты,
Аруды құшпайтын жігітпе?!
Періде адамға ұқсапты,
Түсте тек табысад еріте.

Сезімді сезіну әлек мұн,
Кідірші, кетпеші алыстап…
Жүректі қанжарсыз тіліпсін,
Кетіпсін менсіз ғарыштап,
Болғаны мендегі түс екен

ҰМЫТУ

Өткенді ұмыту оңай саған…
сол баққа жиі барып сені еске алам,
әтең-ай, күзгі бақтың жапырағы
Мен үшін бұрыңғыдай ән айтпаған.

Сылқым күз куә болды көз жасыма,
шағала алып ұшты көл басына
арманға қанат бітіп қалықтаған
Толқындар күбірлейді сел басыла.

Жылап ал жүрегіне жүк артпастан?!
жеңіл тартып қаласын мұнаймастан
жапырақ әлсін түсті қу ағаштан,
Жүрегім жылай берді күле алмастан.

Осындай жылауық ем мен бір түрлі…
Жүректе не бір сырлар? не күй тыңды?
Қойшы бәріне де, қол сілтедім!
сен мені көрмегенсің бұйым құрлы.

МЕН СЕНІ ҚЫЗҒАНАМ

Мен сені қызғанам,
анау ұшқан құстанда?!
Жүрегім құрғыр сыздаған
қолымды әлсін қысқанда.

Қызғаныш деген алау от,
өртеніп кетпе шоғына?!
сүю дегенім ғаламат,
сезіне білген адамға…

Қызғанам сені қыздардан…
қызбаға толы дүнием,
жылапта сенен мұздағам
күліпте тағы жымиям.

Жаным тек сені қалағам,
басқаның жоқ қой керегі
ұрланып саған қарағам
ұнатамын ғой желеуі.

МҰҢДЫМЫН

Жүйкемді тоздырған сансыз ой.
Көрек қып жалмады миымды,
Тағдырға налуым артық қой,
Аллаға тәубағып сыйындым.

Шерлімін, жылапта жүремін,
Көз жасым домалап төгілген.
Ақ қайын жағалап келемін,
Жүрегім құсадан езілген.

Мұңдымын, жалғызбын өмірде,
Досымда, сырласым жоқ еді…
Тау маған тіл қатты егілме,
Еңсеңді көтеріп жүр деді.

Жел есіп, маңдайдан қоңыржай,
Салқындық танытты сезімде.
Көлгірсіп, тағдырға бағынбай,
Жүрсемде… бар кінә өзімде.

ТҰНШЫҚТЫМ

Мейрімсіз, ғасырда туыппын…
Өзімде, әлде? өкпем бар.
Мен дағы біреуді сүйіппін…
Ол үшін, құрбан ғой, жанда-ар!

Жан-жағым андыған, қу дұшпан,
Балақтан тартады кейбіреу…
Күндестер тағы бар… андысқан,
Кеудемді жыланша сүйрелеу.

Біреуге… мен дағы керекпін!
Қол жетпес, айымын, елемес.
Түбінде отырмын теректін,
Сағыныш шаттыққа бөлемес.

Сүйенген, тауымда құламақ,
Сүйеніш болар кім маған?!..
Тұншықтым өмірден жылап-ақ,
Құз-жардан, талай рет құлағам.

Шаршадым, өмірдің заңынан,
Құрығын салып лақтырған.
Асаудай тұлпар ем дарыған,
Тағдырдың алдында аптыққам.

Ерке қыз…

Жанымды баурап, қылықтым,
Кетіңіз қайда? жоғалып…
Өзіңе ғана… құнықтым,
Жамалына… үнсіз қамалып.

Сағындым сені… ерке қыз,
Көзіңіз, неткен әдемі!
Күйді де менсіз шертесіз,
Шарлайсыз тағы әлемді.

Өзіңсің менің жан дауам,
АУАДАЙ МАҒАН қажетсіз.
Жүрек қой сізді аңсаған,
Тәкаппарсыз да, өжетсіз.

Паңданып күліп қараған,
Іштегі демімді өртетіп…
ЖАНЫМ-ау, сені қалағам,
Қалыпсың сенде бой жетіп.

МАҚПАЛ

Іздедім сіздей аруды…
Шарладым жаһан, қыр кезіп.
Дертіме таптым… дәруді,
Соңынан кеттім мен де еріп.

Елемей қойдың, қайтейін!
Қолым да жетпес өзіңе…
Сырымды сізге шертейін,
Түсінші, қалқам өзің де…

Түнде айға сыр аштым,
жалғыздық дерті құсадан.
Өзіңді жаным… ұнаттым,
жар бола гөрші жасаған

Сүйкімдісің сен өзгеден…
Айдын көлдегі аққуым.
Бұл күнде, бәрі өзгерген,
Өзіңсің бірақ шаттығым.

ХОР ҚЫЗЫ

Он жетінің, көктемін енді ғана атырған,
ғашық болдым бір сұлуға тосыннан…
Жүрегіме құрық салып әкетті,
Хор қызындай күлім-қабақ ашылған.

Мен сүйемін… ол бір қыздың жамалын,
домаланған, жүзі айдан аумаған…
Түсімде тек, аймалап мен, қауышам
Ал күндіз ше… табылмадың қасынан

Барар едім, тым үлкенмін ол қыздан,
Әкесімен қатар менің жасым бар…
Шіркін, өмір қартайғанда қор қылған?!..
ғашық етіп, балан қызға бас ұрғам.

Бүгінгінің Біржан салы менмін бе…
Ләйлісін құша алмай бір аһ ұрған.
Ұрланып та қарадым ғой сездің бе?!..
Сүйерімді, айталмай мен жасырғам.

ҒАШЫҚПЫН

Бір адамға түпсіз терең ғашықпын,
Өліп-өшіп көруге тым асықтым.
Сол бір жанды, жан-тәніммен сүйемін,
Ол мен үшін заңғар таудай асқақ тым!

Қолым жетпес шашын да бір ұстауға!
Қол ұстасып жүру арман тыста да.
Жаратқан жар бола гөрші қолғанат,
Сезімді жүрегіме құлыптауға.

Ешкім де ашалмасын бұдан былай,
Сызат та түсірмесін мінеп сынай.
Өміріме қойылғанша соңғы нүкте,
Бақылап жүрермін сізді сыртай…

Шама шарқым жеткенше ұлықтауға,
Жүрегіме жүк арттым ұмытпауға
Біреулер ғашық болғыш осы тегі
Бір көріп ғашық болар жолықпай да

Өзге ердің құшағында жатсамда,
Тылсым түнде сыр ашайын аспанға.
Мүсіркеуді қаламайды жүрегім,
Жыласын, тоңсын, мейлі ақпанда.

Бір жүрекке бір адам да жетерлік,
Адал болу, сүйе білу мекен құт.
Тұрақтылық мендік сезім білсеңіз
Және сізді ұмытам деу бекерлік.

Бәйтерегі аспанменен таласқан,
Зәулім үйлер көркемдігі жарасқан.
Астаның сәулетіне тамсанып,
Төбесінен көлімдейді көк аспан.

Күнен-күнге, көркеюде жас қала,
Көк байрағы желбіреген бас қала.
Абыройын асқақтатып елімнің,
Гүлдене бер, жаса мәңгі, Астана.

КЕШ ҚАЛДЫҢ

Көз жасты, қайтесіз көлдетіп.
Жанымды жаралап кеткенсің.
Сен еңді саяз өткелсің,
Жаңбырда жауады селдетіп.

Кеш еңді жаным-ау кеш қалдың.
Мен кеттім бұл күн де өзгемен.
Бағынды тапқайсың өмірде,
Іздесен табылар көзге ілген.

1 пікір

avatar
  • Jako
  • 0
Түк түсінбедім, не өлең, кімдіке? Жариялаушының есіміне қарасам қыз сияқты, өлеңдерге қарасам жігіттің қызға арнағаны сияқты. Көшірме болса сілтемесі қайда?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.