Ананың құшағы жылы

Ананың құшағы жылы
Бәріміз де іңгәлап жарық дүние есігін ашқан сәттен бастап ең алдымен жүрегі мейірімге толы аяулы ана құшағына енеміз. Ана құшағы қандай жылы еді! Ананың баласына деген махаббаты өшпейтін, оттай лаулап жанған жалын секілді деуге болар. Құлыным деп еркелетіп, әр күн, әр түн, әр сағат сайын көз ілмей әлпештеп, аялап өсірген асыл жанның алдында бәріміз де қарыздармыз.
Өкінішке орай, күнделікті өмірде ішімдікке сылқия тойып алып шешесін таяққа жығып салып немесе өз қолымен өлтіріп қойып жатқан жағдайлар аз емес. Ал ешбір ана ешқашан ішінен шыққан баласына жамандық ойламайды.
Менің де кейде анамды еркелікпен ренжітіп қоятын сәттерім болатын. Ал қазір анамнан жырақта жүргендіктен бе, әлде есейдік пе, осы қылықтарым үшін ұяламын. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып, алып келсең де оның саған берген бір күндік омырау сүтін де ақтау мүмкін емес көрінеді. Сондықтан қолымыздан келгенше әрқашан анамызға басымызды иіп тағзым етіп жүруіміз керек.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.