Крен - әлемдегі ең үлкен мүйіздің иесі

Қызықты деректер /

Мына бұқаның аты — Крен, ол әлемдегі ең үлкен мүйіздің иесі. Қазіргі кезде Крен жануарларға арналған баспанада өмір сүреді. Оның мүйіздерінің ұзындығы 92.25 сантиметр, әр мүйізінің салмағы 100 фунтқа дейін жетеді.

13 пікір

Aknyet99
Менің алғашқы жаңалығым
beko
Жаңалықтардан бастайын деген екенсіз гой! Жарайсыз! Қош келдіңіз Aknyet99!
KILYZAMAN
Мүйізі қарағайдай… :-)
Aspan
немесе мүйізі бөренедей деңіз
MSHERIMBEK
ормандағы қазақтар байқамай аралап тастамаса деңіз:)
Aspan
жануарларға арналған баспанада өмір сүреді. қазақтарға не бар онда :)
MSHERIMBEK
бұл заманда қазекеңдердің кірмеген тесігі мен баспаған тауы қалмады ғой)
Aspan
анекдот есіме түсіп кетті. (негізі бір досым болған оқиға деп айтып берген, өз ойым анекдот шығар деп жүрмін): Шымкенттің екі жігіті Атырауда таксиде әңгімелесіп келе жатады. Жүргізуші:
— шымкенттенсіңдер ма?
— жо-жоқ, ақтөбеденбіз.
— А-а. Осы, Қазақстанда шымкенттіктердің бармаған, баспаған бір-ақ жері қалыпты- дейді шофер. Жігіттер қосарланып:
— Даааа? Ол қай жер?????
— Ха-ха-ха, айтсам ол жерге де барып алмақшысыңдар ғой, ия?

Осылай, шымкенттік екенін біліп қойса керек
Aspan
Қазақтар жайлы да дүние жүзінде осылай айтып жүрсе ғой…
MSHERIMBEK
Америкада мантыны қытай нан деп бір данасын 2 доллардан сатып жүрген Шымкенттік жігітті білем:))))))))))))
Aspan
Не дейміз, ол жігітке ҚҰРМЕТ! (respect)
ardak1996
ауыр шығар мына мүйізді көтеріп жүру…
followme_alik
неткен әдемі еді. Қазақи жайлауымда кездестірсем дейм. Қымбатқа өтеді-ау мүйізі :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.