Мәңгі елдің мәңгілік бағы

Алла алдында бірдейміз ғой бәріміз,

Болсын мейлі астымызда тағымыз.

Бір кемеде жүргеннен соң жұмылып,

Бір кемеде қиылады жанымыз.

Қарамай-ақ ұлтына да, тегіне,

Туып өскен атамекен, еліне.

Сансыз жебе ұшып келіп шаншылды

Қазақ деген мәрт халықтың жеріне.

Жаңа өмірге жаңа қадам аттаған,

«Осы Отаннан бақыт пенен бақ табам»

Деп айтылған көкейдегі армандар

Талайларын даңғыл жолға бастаған.

Ұл мен қызы, дәм мен тұзы астасқан,

Барлығында құшаққа алды аппақ таң.

Кеуделерге нұр таратып бұл қазақ

Бөліп-жару, жатсынуды тоқтатқан.

Тамыр жайды жерімізде өңерді,

Бүршік атып, ұрпақ жайып көгерді.

130 елді құшағымызға сыйдырған

Нағыз алып держабамыз біз енді!

Жел секілді өр Тұранды есілген

Бірге жүріп алтын алаштың көшімен.

Миллион түрлі болғанымен керуені

Барлығыда бір араманмен көсілген.

… Басына туыстықтың қонған бағы,

Болсақта ақ, қара да, қоңыр, сары.

Уықтар тұтасып бір тұрған шақта

Биік болар сонда елдің шаңырағы.

Эпилог

Шырқалса шар дала жастар әні,

Бұныда Алла көріп қоштағаны.

Мәңгілік ел болу алдыменен

Осындай татулықтан басталады!

1 пікір

followme_alik
2050-дің әнұраны, жарайсың, Марат :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.