Өзін өзі тану пәні керек пе???

Сұрақ-Жауап сайты /
Өзін өзі тану

Көп балалардың сабақ оқығысы келмей жүрген кезде, сол сабақтардын бірі болып Өзін өзі тану пәні қосылды.
Оның үстіне ҚАзақстанның мектептерінің 80% пайызында бұл пән өтпейді екен.Мысалға біздің мектепте бұл пәннің тұрақты мұғалімі жоқ.Балалардың көпшілігі, тіпті барлығы дерлік бұл сабақта шулап өткізеді.
Біздің мектепте 8-9 сынып оқушыларында 16-18 пән болады, ал қытайда 9 сыныпқа дейін 10 пән оқыса,10 сыныпқа келгенде 13 пән оқиды екен.
Ал дәл осылай аз пән оқыған Қытай азаматтары дамыған 50 мемлекеттің қатарында.
Өзін өзі тану пәні
Астана қаласы №38 мектеп-лицейде 2003-2004 оқу жылында Астана қалалық білім Департаментінің «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу жөніндегі 19.03.2003ж. №340 бұйрығы негізінде 1 «а» сыныбы осы пәнді енгізу және сынақтан өткізу үшін эксперименталды алаң болып белгіленді.
Эксперимент өз деңгейінде өткізілу үшін сынып бөлмесі арнайы жабдықтармен жабдықталды(шаттық шеңберін өткізуге арналған дөңгелек үстел және жазуға арналған парталар, аудио, видео техникалық жабдықтар, теледидар, караоке, құрастырмалы ойыншықтар, мозайкалар және кітап бұрышы қарастырылды. Сонымен бірге жоба авторы Сара Назарбаева Алпысқызының рухани-адамгершілікті дамытуға байланысты ой-тұжырымдары жазылған стенд ілінді).
Сынып жетекшісі Алматы қаласында «Бөбек ҰҒПББСО-ның» ұйымдастыруымен өткізілген «Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны мен ерекшеліктері» атты курсынан өтіп, Қазақстан Республикасының Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті «Өзін-өзі» тануға арналған стандартымен және тақырыптық үлгі жоспарымен танысып келді.

Ал басқа қала ауылдық жерлерде Астанадағыдай жағдай жасалған ба???

Достар ҚАзақстанға өзін өзі тану пәні керек пе??? Барлығыңыз пікір қалдыра отырыңыз!!!

14 пікір

alikona
Баста өзің-өзі тану пәні туралы достарымның арасында айта қалсам «не өз өзінді тани алмай жүрсін ба?!»деп әзілдейтін…
qaraqyz
менин ойымша ол паннин кажети жок, биз сол панди ози дурыс сабак отпеймизде, отырамыз, ишимиз пысып, кейде апай болмайды, кейде асханада журемиз, кейде типти кашыпта кетемиз
AKA
Әріптеріңізге қарап қазақ тілі пәніне де құрметіңіздің деңгейі байқалады. Қазақша шрифт қолдансаңыз жөн болар еді.
Jako
Ұялы телефоннан кіріп отырған болар деймін, көбінде қазақша шрифтерді қолдамайды ғой.
SteVen_S_Sanzhar
Дурыс айтасын
Jako
Мен бұл пән туралы білмеймін, сонда да өз пікірімді жаза кетейін. Негізі бала барлық тәрбиені ата-анасынан алуы керек, ал мектепте сол алған тәрбиені біліммен ұштастыруы керек.Әр бір адам (бала) өзінше тұлға, олардың әрбірінің бойында ата қанымен, гендік жолмен берілген мінез-құлық болады.Олай болса сол балаларды "өзін-өзі тану" пәні арқылы бір сағаттық тәрбиемен барлығын бірдей етіп инкубациялық мінез-құлыққа қалыптастыру мүмкін бе? Мүмкін болғанның өзінде ол қалай болады, кәдігімгі орнатылған программадан ауытқымайтын РОБОТ болмай ма? Адам баласы Аллатағаланың ең көркем туындысы, ол өзінің алуан қырлылығымен ерекшеленеді, олардың бәрін бір пән арқылы өз-өздерін танытып жіберу мүмкін емес.Өз-өздерін танып алған адамдарда «Маған өзгелердің, ата-ана, басқа да үлкендердің қажеті не, мен өзімді білемін олар не айтпақ»-деген түсінік қалыптаспауына кім кепіл.Негізі «СЖ»,«Айтабер»-сайттарында мектеп оқушылары баршылық, еш қояр кінәм жоқ.Бірақ бір ойланар мәселе бәрінің жауаптары, жазбалары аукыздарына біреу түкіріп қойғандай бір-бірінен айнымайды,іштерінде өз ойларын еркінше айтқысы келетін Әлішер сияқты балалар бар, олардың өзі де ақ қарға болып қаламын ба,қауымға қарсы болып қаламын ба деп қорқақтайды.Міне осы аталған пәннің тікелей әсері, бұл өте қорқынышты. Бұл пән өтпейтін мектептердің өзінде де тәрбие беретін барлық мұғалімдердің бойында осы бір біркелкілік қалыптасып қалғандай.
AKA
Керек. Сабақтар таңертеңнен кешке дейін болса да қолдар ем. Есесіне агентте отырып, уақыттарын зая кетірмейді. Пайдалы, танымдық ақпаратпен сусындап, жақсылыққа тәрбиелеуде бұл пәннің берері зор деп санаймын. Оның үстіне көптеген отбасында ата-аналары жұмыс деп, балаға көп көңіл бөле бермейді. Ең құрығанда осы пән соның сәл де болса орнын жамар еді.
Jako
Жұмыс деп баласына көңіл бөлмейтін Ата-ананың несі ата-ана.Бала тәрбиесуі ата-ананың бірден -бір міндеті. Егер балаң телефондық терроризммен айналысса құқұқ қорғау орындары мектептен сұрамайды, ата-анасына айып пұл салады.Сол жерде мектеп тәрбиесі қайда қалады.Тәрбие ата-анадан, білім мектептен болғанын қалаймын.
AKA
Терроризм деп ауытқып барасыз. Дұрыс, ең алдымен балаға тәрбие беретін ол — ата-ана. Бірақ, сананы ақша жаулаған заманда тәрбиені ақша деп түсінетіндер, қажетті заттарын, ішіп-жейтінін, киетінін алып беретіндер де жеткілікті, оларға қалай әсер етпекпіз?! Рухани тәрбиенің құлдырауы да осыдан ғой, сондықтан…
Ең құрығанда осы пән соның сәл де болса орнын жамар еді.
Сосын, қандай құрал-жабдықтарды айтасыздар?! Бізде анау жоқ, мынау жоқ дегенше қолда бармен неге жақсы қылып сабақ ұйымдастырмасқа?! Түрлі пікірталас, сөзжұмбақ, қызықты, ой саларлық әңгімелер айтып өткізбеске?! Қашанғы үкімет береді деп отырасыздар, уақыт өте бәрі болар, бірақ бәрінен бұрын жақсы орта қалыптастыру адамдардың өз қолында. Мейлі саған бүкіл керекті заттарды әкеліп берсе де, адамдардың өздері ғана сабақты қызықты өткізе алады.
Togzhan
Өзін-өзі тану пәні жаңа пән болғандықтан, арнайы мұғалімдері жоқ. Алайда, психологтарды арнайы курстардан өткізуде. Өзін-өзі тану пәні қызықты пән. Сондықтан керек деп ойлаймын. Біздің қазақтың балалары көп жағдайда өз ойларын еркін айта алмайды, қорқыныш болады, дұрыс айтпай қалса ұрсады деген пікірлер қалыптасқан. БҰл пән сол кемшіліктерді жоюға көмектесетін бірден-бір құрал. Бұл пән барысында қызықты тренингтер өткізіледі. Кішкентай балаларды да, үлкендерді де өзіне тартып алады. Мектеп бағдарлАмасына енгізілгенімен ауырпалық түсіретін пән емес, мен бұл пәннің мектеп бағдарламасында болғанын қолдаймын!
Мектептерде бұл пәнге барлық жағдайлар жасалған жасалмағанын білмеймін, бірақ оқулықтары жетерлік)
Jako
Мен бұл пән туралы білмеймін, бірақ валеология ма,әйтеуір сондай бір пәнді көріп үрейім ұшқаны бар, бұлда сондай сұмдық па деп ойлап жатырмын.
maulen_fire
Менің ойымша керек емес пән.Біздің мектептеде (Жаңаөзен қ.) дәл сондай, улап-шулап өткіземіз. Арнайы мұғалімдерде жоқ.БАстауыш сыныптарға болады.Жоғарғы сыныптағы оқушылар(өздерінше өсіп кеткен)ващее…
qaraqyz
жарайды. қазақша шрифтымен жаз десеңіздер қазақша жазайын)))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.