Эстафета: "СЕЗІМ" салаты

Асыңыз дәмді болсын! /
Өткен жолы mairosh мына жерде эстафета таяқшасын ұстатқан болатын. Біраз күттіріп қойғаным үшін кешірім сұрай отырып,
сіздерге өте жылдам, арзан, оңай, жеңіл салат мәзірімен бөліспекшімін.
Керек:
1) Жүгері
2) «Краб» таяқшалары
3) Майонез
4) Қайнатылған күріш
5) «Кириешки»


Қайнатылған күріш (Мөлшерін өзіңіз білесіз)



«Краб» таяқшаларын жүгерінің көлеміндей етіп турайсыз.



Жүгеріні саласыз:



Бәрін майонезбен араластырасыз. Қалауыңыз бойынша тұз қосуыңызға болады:



Айып етпессіздер, көкке шыққан кезде жасаған салатымды салдым. Асханаға кіруге уақыт жоқ. Мұнда салат таңертең жасалғандықтан, «кириешки» артынан салдым, дастарханға қойған кезде суретке түсіруді ұмытыппын:)
Эстафета таяқшасын sandibek ке ұсынамын.
P.S: Бұл салатты «Сезім» деп өзім атадым. Себебі сезіміміз тез өзгереді, пайда болады, жоқ болады.

46 пікір

Ayala
мяяя, керемет...Қолын дерт көрмесін.+1111 мененгоое
qyrmyzy
рахмет:)
Ayala
ана жерде бирдеме көрип тұрм шашлыкппааа? ол атап өтугема, жеңге болуды, қалай өзі...
qyrmyzy
Иә, шашлык жасаған жігіттер. Сен үшін солай бола салсын:)
Ayala
Сен үшін солай бола салсын:)
ииии жогии арнайы болу керек коое…
qyrmyzy
Жақсы, арнайы саған тағы бірдеңе әзірлейін
Ayala
асығып күтем...
ZevsKO
Алл Астер шығармашылығыңа табыс тілеймін! жарайсың! көөп көөп тамақ жасап тұрсаң керемет болар еді
MSHERIMBEK
Жаңа ғана қарындасым жасап беріп еді:) Бейне бір виртуалдағы дежавью:)))
Жігіттер қайда қарап жүр екен а:)
Ayala
оооойй, қарным ашып тұрғаныыы...
qyrmyzy
Тоңазытқышта бірдеңе болатын еді…
qyrmyzy
Мынадай жеңіл-желпі тамақты жігіттер қайтсін?! АКА, Көркем, Ардақ, Майроштарға биыл жете алмайтыным анық:(
AKA
Ойбай-ау, Сізден асып қайда барам?! :)
qyrmyzy
АКАУ, ренжімеші, үйде жиі жалғыз боламын, видеоға түсіретін ешкім жоқ. Алдағы уақытта жасауға тырысамын!
AKA
Уақытында-ақ жарияладың, енді Сашок кешіктірмесе болғаны :) Мына мәзірге біз қияр мен қызанақ қосып та әзірлейміз. Дәмді! «Абылай» тортына қарсы тұратын мықты салат екен. :))
MSHERIMBEK
Садық деп ат қоюларыңызға қарсы емеспін:) Бірақ, салат шынымен мықты болса, муахаха, Асаналиіңдісссс:)))
qyrmyzy
Пікіріңдііііііс
Korkem
«Абылай» тортына қарсы тұратын мықты салат екен. :))
муахахахах бақталасс!
qyrmyzy
әй, қоймайсыңдар екеуің
Madi
МММММММ.Маги десең, ә.Қырмызы, тамақтарың «аппетитный».
qyrmyzy
Рахмет! Фотоаппаратым «аппетитный» түсіреді ғой:)
Korkem
Қолың дерт көрмесін! Берге дәм тиер кез де келгей)))
qyrmyzy
Рахмет. Иә, Әбекеңмен жиі шақырып тұрамыз ғой қонаққа:))))) Амин! АРБ!
m170785
кездесер кезде өзіңізбен бірге алып келсеңіз болады ))
qyrmyzy
Кездесу орнына байланысты ғой!
pana
осы жерден бір салат үйреніп шығатын сияқтымын))
sandibek
тәбетті ашады екен.) эстафета таяқшасына рахмет. бірақ не ісерімді білмей дал болып отырм, көптен бері тамақ істемеп едім.
qyrmyzy
Рахмет:) Мен де көөп ойландым, мына көкке шығып, бір мәселеден құтылдым ғой! «Ақбантиктің дастарханынан» бірдеңе қарап көршиш.
sandibek
гуглдетіп тауып алдым akbantik.wordpress.com. ол блогты кім жүргізген?
qyrmyzy
Былтырғы блогқұрылтайда «Ең үздік тақырыптық блог» номинациясын алған, бірақ өзі келмеп еді. Содан біле алмай кеттім. Жақсы блог, біраз тағамдарын әзірледім:)
sandibek
кім болса да, жасаған тағамдары керемет екен.
alikona
Көптен осы салатты жасамап едім, кеттім… деп па))Негізі біздің жақта бұны «крабовый»салат дейді
qyrmyzy
Қиял ғой енд
mairosh
ухты соткадан көргеннен компен көрген әлде қайда тамаша екен))))) жарайсын
bravo
Негізі дейм ғой мынау сайттын атын АЙТАБЕР емес "кел бізбен аспаз бол" — деп өзгерте салсаңыздаршы.
qyrmyzy
Админдерге қола сырға
Manshukn
Жатақханадағы ең оңай салат, хе-хе :) Атының «Сезім» екенін білмеппін :))))
qyrmyzy
Өзімше қазақша ат ұсынған түрім ғой:)
banzaika1990
менде үнемі істеймін. күнделікті дерлік таңғы асым ғой менің))))))))))) әрі тойымды, әрі оңай. керемет салат.
qyrmyzy
мяяя, таңғы асқа салат жейсіз бе? Бізде таңғы ас қара су мен ботқа. Күйеуіңіз бақыттыыыыыы жан екен:)
banzaika1990
болашақ күйеуім деңіз)))))))))))))))))))) арнайы танертең оқуға аш кетпеу үшін кещке жақын дайындап қоямын
qyrmyzy
хехе, түнде «ертен танертен асханадан қандай тамақ жесем екен» деп ұйқтаймын өз басым. Кешке арнайы таңғы ас әзірлеп көрмеппін. Былай мәзірлеріңізбен таныстырсаңыз керемет болатын еді:)
followme_alik
«Салат жасаған қолдарыңнан айналдым», -дер еді әжеміз. =) ....қысқа да нұсқа, қарапайым, дәмді, дәруменді салат мәзірімен таныстырғаның үшін Алғысым.

10 минуттан кейін дүкенде: 
- Саламатсыз ба, Маған бір  Жүгері , «Краб» таяқшалары, содан кейін Майонез .........
qyrmyzy
Рахмет үлкен! Бәрі сендер үшін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.