Бұршақ сорпасы
Негізі бұл блогта эстафета болып жатқан сияқты. Мен кезексіз жазып жіберейін…
Бүгінгі ас мәзірінде-бұршақ сорпасы. Ол үшін қажет заттарды дайындап аламыз(көп заттың қажеті жоқ):
1) Бұршақ. Арнайы қораптағы бұршақтың жартысы жетіп қалады, 500гр. шамасында.
2) Картоп — 3-4 дана.
3) Сәбіз — 1 дана жетіп қалады.
4) Жуа(пияз).
5) Болгар бұрышы(1-еу болса да болады, тек дәмін келтіру үшін)
6) Көк жуа.
Бұршақты 8 сағат салқын суға салып қоямыз. Бұл бұршақтың сәл жұмсарып, тез әрі езіліп пісуі үшін қажет.
Сонан соң бұршақты сорпа пісіретін ыдысымызға салып, суымызды құйып, әуелі қатты отта қайнатамыз. Кейін отты жайлатып қоямыз. 3 сағаттай қайнатамыз.
Сонан соң картоп, сәбіз, жуа және болгар бұрыштарын салып жібереміз.
30 минуттай қайнатамыз. Тұзын, бұрышын қалауымызша саламыз! Сонан соң ыдысымызға құйып, көк жуаны саламыз!
Сорпамыз дайын!
Астарыңыз дәмді болсын!

37 пікір
тірідей:). Жарайсың!кез-келген дауысты әріптен кейін келген й қысқа й болады)))
Сіздің жазбаларыңызда ылғи осылай, тек қана и әріпін пайдаланасыз, әлде сіздің елдің клавасында й жоқ па?
Құдай ай… мұндай әрпі тағы бар екенін білмей қаппын..Eскерткеніңзге көп көп рахымет...!!!
қоям
ренжімегейсіз, сізге мұнда бәрі түсіністікпен қарайды. Осылай-осылай әлі-ақ ең сауатты жанға айналарсыз)))
Қайта бастан үйрену керек болды, менен кішкене баладар көрсе үйат қой…
балалар, балдар
ұят
mynany qaita pysyqtaiyn...))
kiril jazghannan choshyp kettim ...)))