Жұмыста қарның ашты ма? Кел, бәліш же

Асыңыз дәмді болсын! /
Cәлем, Айтабер!

Бүгін ер адамның қолымен пісірілген бәліштен ауыз тие отырыңыздар.

Бәліш бауыр және бүйректен жасалынған. Керекті заттар: ашытылған қамыр, соғымға сойылған сиырдың бауыры мен бүрегі, тұз, бұрыш.

Алдымен қамыр ашытып аламыз. Ашыған, дайын қамыр:



Салманы дайындау үшін аталмыш мал мүшелерін еттартқыштан өткізіп, пияз, дәміне қарай тұз, бұрыш салып араластырамыз.

Одан кейін қамырды бауырсақша илеп, жайып, формаға келтіреміз де, арасына дайын салманы салып ретке келтіреміз:



Мен қалған қамырдан бауырсақ та пісірдім.

Енді, алдын ала табаға қыздырылған майға бәліштерді екі жағы қызарта пісіріп аламыз:



Дайын бәліштер:



Жұмыста қарыныңыз шұрқырап отырған болар? Ендеше ас болсын! :



Пы/сы: Алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!

24 пікір

Aikona
Қарным аштыыыыыыыыыыы, суреттері керемет жегім кеп отыр
qyrmyzy
ыыы, менің де :( үйге дейін жетуді айтсаңшы… пробкааааааааа, Астанаға кетем!
Zhanat
Астанаға? ол жақта кім дайындайды
qyrmyzy
ол жақта… ол жақта… хммм....
Zhanat
келіп жеп кете ғой
Korkem
Қолдарың дерт көрмесін! ©
Zhanat
рахмет сіздің мектебіңіздің түлегі болсам ғой)))
AKA
Қаттама қамыр жасауды көрсетесіз бе, әпше? Былай оңай жолы болса, үйренівалайындевем :))
qyrmyzy
туууу, не деген ағасыз?? Жеңгеме үйретееееп жүрмесеңіз болды бәрін :) Ас болсын. Осы демалыста жасай алмаймын, келесі демалыс тағы да бос емес, очм, үйге барған соң ініме жасап берем, ИНШ!
Zhanat
үйретемін бүйыртса)))
ereke_enu
АААААААААААААААААААААААААААААААААА!!!
zhomart
шеф-поварлыққа ұсынар едім)
Zhanat
ой рахмет інім)
erke_ky3
Керемет! Қарныыыыыыыыым ашып отыр еді…
followme_alik
Керемет! Алтын қолдарымен жасап, жүрек жалғататын қыз болмап еді…
AKA
Жақсы, тек майды қатты қыздырмау керек. Сол кезде сарғыш болып, іші де дұрыс піседі. Суреттен сырты тез пісіп қызарған да, іші дұрыс болмаған сияқты көрінді. Еңбегіңізге бес!
Zhanat
от қатты қызып кете берді, көмір салғам алдында соның қызуы ғой
ZevsKO
дәмді көрінеді екен. Қарным ашып кетті ғой
Zhanat
өте дәмді болады
ereke_enu
Бәліш жегім келеді-ай, бәліш жегім…
Zhanat
пысыр, пысыр)))
ereke_enu
Бәліш, бәліш, санамды жаулаған бәліштер)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.