Толықтырылған нақтылық - Google Project Glass.
Толықтырылған нақтылық немесе augmented reality — ол біз көзбен көріп тұрған нақты бейнені қосымша виртуалды мәліметпен толықтыратын технология.
Аталған технологияны коммерциализациялауда Google компаниясының Project Glass жобасы алда келеді. Google компаниясы жұқа ілмектің шетіндегі орналасқан кішкене дисплейі бар көзілдірікті жасауда.
Бұл құрылғының бізге потенциалды ұсына алатын мүмкіндіктері шынымен де шексіз. Мысалыға өлшеу, еш сызғыш немесе метрсіз-ақ көзілдірігіңіздің алдында сіз қараған немесе таңдалған обьектінің өлшемдері пайда болады.
Немесе сіз таңдаған жерге бағыт көрсетіп отыратын бағдар болуы мүмкін, ойындардағыдай.
Google glass әзірше тек тестілеу деңгейінде ғана дайын. Ол әлі бета емес альфа дәрежеде емес, бірақ бұл құрылғыға жұрттың қызығушылығы мол. Бұл жоба туралы мәлімет аз, ал google glass-ты жұрт тек google компаниясының топ менеджерлері ғана киіп жүргенін көрген. Google компаниясының негізін қалаушысының бірі Сергей Брин, АҚШ телеарналарының бірінде Project Glass туралы интервью берді.
Интервью кезінде Google Glass-ты жүргізушіге кигізіп те көрсетті. Алайда көзілдіріктің оң жағындағы сенсорды панельді ұстамаңыз деп ескертті. Брин мырза Google glass-тың саудаға шығу мерзімі туралы: «Саудаға келесі жылы шығып қалатынына, менің біршама үмітім бар» деді. Аталған толықтырылған нақтылықты ұсынатын құрылғының android негізіндегі смартфондармен байланысы тығыз болады деп күтілуде. Құрылғының болжамды бағасы 500-600 долларды құрамақ.

14 пікір
«Времия» деген кинодағыдай екен) фантастика ғо!
Меніңше, ендігі бағыты (стратегиясы) визуалды жағын қолға алу.
Не болса да оны өзінің сервистеріменен байланыстыру. Мысалы очки картадан көрсету мүмкіншілігі maps.google.com пен байланыстыру. Сол сияқты, барынша адамдарға жеңіл ету.
Сонда олар келесі баспалдаққа шығуы қалды ау, яғни Гуугл компаниясы интернет әлемінде орны бөлек болса, сол сияқты да күндегі қолданыста да орнын қалдыру. Келесі бейне жазба, ары қарай ойымның жалғамасы болсын.
Қанекей, осылай қазақстан азаматы істеді деп осылай мақтанарлықпен қарап отыратын кезді (кім қашан емес) кім бірінші сыйлар екен?
Бүкіл әлемге ең пайдалы, ең ыңғайлы, ең сапалы нәрсе ойлап табу мм?
Қанекей, керемет емес пе?
Ішім күйватыыыыр.