Оразаң қабыл болсын, ұстанған жан
Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймыз!
Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қауышатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, шілде-тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізейік. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылайық. Ми қайнатар ыстықты ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.
Он сегiз мың ғаламның жаратушысы, құдiретi күштi Алла Тағала екi аяқты пендесiнiң мойнына 5 парызды жүктеген. Сол парыздардың бiрi – ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Аллаһ сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi» дейдi (Бақара сүресi, 2/185).
Рамазан айы – Аллаһ Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы – Құранның, құлшылық пен тәуба, кешiрiмнiң айы.
Алла сіздің ішім-жемнен тыйылуыңызды керек етпейді. Мейірімді болыңыз, ашуға бой алдырмай, тіліңіз бен нәпсіңізге тұсау бола біліңіз. Жақсылық жасаңыз, садақа беріңіз. Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады.
19 шілдеден 20 шілдеге қараған қасиетті жұма түні сағат 3:51.де (Шымкент бойынша) ниет етіп, ғұсылданып Оразаға кіретін күн. Баршаңызға ниеттеріңіздің қабыл болуын тілеймін!
Ораза — денсаулық кепілі. Сонымен қатар біз күтетін тамыз айының 14.нен 15.не қараған түн Қасиетті Қадір түні, шын жүректен тілеген тілектеріңіз қабыл болатын түн.
Ораза кестелері.
Шымкент қаласының ораза кестесі:
Ауыз бекітерде айтылатын дұға:(таң сәрі уақытында)
«Нәуәйту ән асумә саумә шаһри Рамаданә минәл фижри иләл мағриби халйсан лиллаһи таъалә. Аллаһу Әкбар»
Қазақша мағынасы:
«Таңертеңнен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Алла ұлық!»
Ауыз ашарда айтылатын дұға: (Кешке күн батқан соң, Ақшам намазын оқудан алдын ауыз ашады)
«Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъалайкә тәуәкәлту, уа ъала ризқикә афтарту, фағфирлий йа ғаффару маа қоддамту мәә аххарту, уә лисаумил-ғади мйн шаһри рамадана науайту»
Қазақша мағынасы:
«Иә, Алла, бір өзің үшін ораза ұстадым, бір өзіңе иман келтіріп, бір өзіңе сенім арттым, берген несібеңе қанағат еттім, иә, Жарылқаушым, иә, Мейірімді, сенің марқаматыңнан үміт етемін».
Ниеттеріңіз қабыл болсын, бауырлар!
Үш алыстың біреуі аспан мен жер,
Адамның бір ғұмыры есік пен төр.
Өзіңе берілген сол ғұмырыңды,
Мағыналы өткізбесең өзіңнен көр.
Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қауышатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, шілде-тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізейік. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылайық. Ми қайнатар ыстықты ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.
«Ораза төзімнің жартысы, ал төзім дініміздің жартысы» ©
Он сегiз мың ғаламның жаратушысы, құдiретi күштi Алла Тағала екi аяқты пендесiнiң мойнына 5 парызды жүктеген. Сол парыздардың бiрi – ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Аллаһ сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi» дейдi (Бақара сүресi, 2/185).
«Ораза – сіздің қорғаушыңыз»
Рамазан айы – Аллаһ Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы – Құранның, құлшылық пен тәуба, кешiрiмнiң айы.
«Рамазан айының алғашқы он күні – мейірім, ортасы – күнәңізден арылу, соңы – тозақ отынан құтылу» ©
Алла сіздің ішім-жемнен тыйылуыңызды керек етпейді. Мейірімді болыңыз, ашуға бой алдырмай, тіліңіз бен нәпсіңізге тұсау бола біліңіз. Жақсылық жасаңыз, садақа беріңіз. Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады.
19 шілдеден 20 шілдеге қараған қасиетті жұма түні сағат 3:51.де (Шымкент бойынша) ниет етіп, ғұсылданып Оразаға кіретін күн. Баршаңызға ниеттеріңіздің қабыл болуын тілеймін!
Ораза — денсаулық кепілі. Сонымен қатар біз күтетін тамыз айының 14.нен 15.не қараған түн Қасиетті Қадір түні, шын жүректен тілеген тілектеріңіз қабыл болатын түн.
Ләйләтүл-қадр, яғни Қадыр түнiн атам қазақ баяғыда «Қадыр ата (Қызыр баба) қасиеттi түнi келiп, несiбемiздi жазып кетедi, айтқан тiлектерiмiздi орындайды» деп сенген. Шынында да, мыңдаған айлардан артықшылығы мол, қасиетi басым осы түнi исi мұсылман Алла Тағалаға құлшылық етiп, тiлек тiлеуден жалықпауы тиiс. Жаратқан Ие Қадыр түнiнiң нақты уақытын құлдарына әдейi нақты көрсетпеген. Себебi, Алла Тағаланың шарапаты мен шапағатына, алғысына ие болуға асыққан құлдар әр түндi қасиеттi түн ретiнде қабылдауға, тынбай құлшылық етуге мүдделi.
Ораза кестелері.
Шымкент қаласының ораза кестесі:
Ауыз бекітерде айтылатын дұға:(таң сәрі уақытында)
«Нәуәйту ән асумә саумә шаһри Рамаданә минәл фижри иләл мағриби халйсан лиллаһи таъалә. Аллаһу Әкбар»
Қазақша мағынасы:
«Таңертеңнен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Алла ұлық!»
Ауыз ашарда айтылатын дұға: (Кешке күн батқан соң, Ақшам намазын оқудан алдын ауыз ашады)
«Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъалайкә тәуәкәлту, уа ъала ризқикә афтарту, фағфирлий йа ғаффару маа қоддамту мәә аххарту, уә лисаумил-ғади мйн шаһри рамадана науайту»
Қазақша мағынасы:
«Иә, Алла, бір өзің үшін ораза ұстадым, бір өзіңе иман келтіріп, бір өзіңе сенім арттым, берген несібеңе қанағат еттім, иә, Жарылқаушым, иә, Мейірімді, сенің марқаматыңнан үміт етемін».
Ниеттеріңіз қабыл болсын, бауырлар!
33 пікір
Аллах Тағала оразаларыңызды қабыл етсін.Жан ұяларыңызға береке бірлік, жүректеріңізге иман, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін, ИншАллах.