↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
07 маусым 2012

Терең тарихтан – жарқын болашаққа

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Бұл – мен білім нәрімен сусындаған оқу орда және бүгінгі қызмет орны. Осында 12 жылым өтті. Сіздерге өз универім жайлы аз-кем таныстырмақпын.
ХҚТУ түркі халықтары арасында ашылған тұңғыш Халықаралық университет. Биыл ашылғанына 20 жыл толады. Материалдық базасы өте бай, соңғы технологиялармен жабдықталған. Бірнеше оқу ғимараты, жатақханалары (ұлдар мен қыздарға бөлек салынған), студенттер асханасы, Мәдениет орталығы, Ясауи клиникасы, 50 га ботаникалық бағы бар. Құдай қаласа, биыл Медицина ғимаратының лентасы қиылады және Медицина факультетінің студенттеріне арналған жатақхана құрылысы да бітуге таяу. Сонымен қатар Қазақстан ЖОО-лары арасында кісерокөшірме апаратын алғаш қолданған да осы университет. Университет маған қатты ұнайды. (Қаланың ауа райын қоспағанда)
Университет порталы: www.yesevi.edu.kz


Бас қақпа


Ректорат



Медицина оқу ғимараты


Мәдениет орталығы


Ясауи клиникасы


Жатақхана


Асхана (Титаник)


Ашық спорт алаңы


Ботаникалық бақ

Университет жайлы бейне материал
?

Пікірлер:20

  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 03:35
  • 0
Таныс, өте таныс жер©
Титаниктің бағаларын айтсаңызшы… Жаңа ғимараттарыңыз толық бітті ма? Мәдениет үйіне кіре алмадық енді.
Cіз қай ғимарат туралы айтып жатырсыз? Бізде әр жыл сайын жаңа ғимараттар бой көтеруде. Дәл қазіргі уақытта Медицина ғимараты мен жатақхана бой көтеруде. Қыркүйекке дейін медицина ғимараты дайын болады, ал жатаққхананың бітуіне уақыт бар.
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 10:03
  • 0
2-курс оқып жүргенде барған болатынбыз. Сонда Ректораттың артында ма үлкен құрылыс жүріп жатып еді, осы қыста барғанымызда журналистика кафедрасы жаңа ғимаратқа көктемде көшеміз деп жүрген болатын…
Ректораттың артында салынып жатқан ғимарат медицина ғимараты, ал қазіргі оқып жатқан медицина ғимаратына Филология факультеті (журналистика осы факультет ішінде) көшіп келеді.
  • balgalym
  • 07 маусым 2012, 03:53
  • 0
АҚШ-тағы кампустар сияқты ғой, тамаша! +1 бар екенін білмеппін. Сапалы білім алуға бұдан артық не керек!? ))
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 10:05
  • 0
Иә, жатақханаларының шатыры да күшті, кешкісін сол шатырда серуендеуге болады:)
  • balgalym
  • 07 маусым 2012, 20:16
  • 0
енді тек бетта гамма бірлестіктерін ашу қалды :) әлде қазақшалап Ә Ұ деймекен? :)
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 20:24
  • 0
негізі ше, ойлап қоямын да, посттың тақырыбы «ЕҚ»-ның мақалаларының тақырыбындай екен ше… бірлестіктерінің аты түркче болмауына кім кепіл?!
  • AKA
  • 07 маусым 2012, 08:57
  • 0
Әдемі екен, ұлдар/қыздар жатақханасының бөлек салынғаны да жақсы. Ұнады!
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 10:05
  • 0
ОМГ! Қойшы, қызық емес сияқты...Қыздар ұлдардың, ұлдар қыздардың жатақханасына кірмейді, ұжс. Ұлдардың жатақханасындағы шәйханада шәй берген болатыын бір досымыз. Бізді көргендер талып қала жаздады. Тарихта бірінші рет қыздар ұлдар жатақханасында жүр дейді…
Университет рухани қалада орын тепкен. Соған лайық болу керек қой. Басқалар лайық емес деген сөз емес. Жатақханалардың бөлек болғаны дұрыс. Түркия стандартына байланысты салынған. Бұл университет Қазақстанмен қатар, Түркияның да университеті болып табылады.
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 19:32
  • 0
Не дегенмен Қазақстандағы универ болған соң деймін де....Өздерінің менталитеттерін «пихать» етіп жатыр, былайша айтқанда.
avatar
  • pari
  • 07 маусым 2012, 12:14
  • 0
Тамаша,әдемі, тартымды университет екен .Әсіресе маған ұнағаны Бас қақпасы.Тамаша салынған!
Пікір 2021-06-07 12:14:40 күні pari тарапынан түзетілді
  • Chimaq
  • 07 маусым 2012, 13:39
  • 0
Ademi....unady....:):)adamdar netken az dep qoiam...
Университетте 14 мыңнан аса студент білім алады. Оның 1 жарым мыңы жетелдік. Адамдар аз кезінде түсірілген сурет қой…
БэсТ Универ. Жарайсыз, Бегімжан.

Суреттегі қыз кім?..
Альмира, біздің башқұртстандық тыңдаушы.
тақырыптың өзі — құсық. алғашқы фотодағы майысып тұрған кім?
Сенің өзің осы аталған универде оқыған едің ғұә?)))
менің өмірімде ешқандай із қалдырмаған бұл қайғылы факт туралы ойлағым да келмейді, уақақа
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.