Деңгейі
+7.46
Күші
20.39

muxa

Мықтыбек

ҚАРАША

Аспан жиі түнеріп бұлттанады, Таңғы аспаннан сұп-суық шық тамады. Қараша жұмысына кірісті ме? Суық желге айналды күз самалы. Жылы жаққа кеткен-ау қыстағалы… Естілмейді қиқулап құстар әні. Артта қап шуақ күндер сағымданып, Көңілден жаздағы әсем ән ұрланып. Табиғаттың азайды сұлулығы, Қараша бояуымен жабуланып. Қоңыр күзді көзімен ұзатып сап, Кең дала жатыр қысқа...

  • muxa

ЖАЗУ ҚИЫН ОЙЛЫ ӨЛЕҢ

Салмақты ойды қалдырмаса артында, Оқыған жан теңемесе алтынға. Үндеспесе оқырманның ойымен, Болады ма жырды-жыр деп айтуға? Жазылмаса сендегі ойды дөп баса, Оқырманның ойына ой қоспаса. Жыр бола ма? Сол шумақтың ішінен, Оқыған жан өзін-өзі таппаса. Ой сүрінсе бағыт таппай тұралап, Мағынасыз жырлар туар тым олақ. Ешкімді де таң қалдыра алмайсың, Буындар мен...

Жаңбыр

Көңіл-күйді жоғалтып шуақ тұнған, Жаңбыр емес. Мен едім жылап тұрған. Ішкі сезім жаңбырмен үйлесіп тұр, Жанымды қырық жамау құрақ қылған. Тағдыр мынау, аямай сынап тұрған, Жанарды...

Жұлдызым бар менің де

Сан мың жұлдыз көк аспанның төрінде, Байланғандай бәрі бір-бір өмірге. Әр жұлдызды бір тағдыр деп ойласақ, Сол аспанда жұлдызым бар менің де. Жымың емес діріл қағып тұрғандай, Біз секілді тоңады ғой, тегінде… Әр жұлдыздың құпиясын сыр көмбе, Жасыратын секілді ме түн-перде? Жұлдыз ақса әжем бетін сипайтын, Бұл өмірден өтіпті деп бір пенде. Баламын ғой, сенетін ем шынымен,...