… Жұлдызым менің, жүрегім менің, жарығым,
Жаныңды тербеп кәрі мұң…
Қарайсың көктен, қажытты ма әлде уыты
Өмірдің кермек дәмінің?!..
Жұлдызым менің, тірлігім, күнім, бұлағым,
Жаныңды тербеп жыр ағын…
Жаңардың ба әлде, қарайсың көктен қуанып
Жандырып өмір шырағын!..
… Жүзіңді жауып қайғының қара шілтері,
Тұрмашы түнек бүркеніп!..
Жаным-ау, мың күн білтедей бықсып...