Сағындым сені, әже...
Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып, Кеткелі өзің көктемдер келді Бәйшешек, гүлін тағынып! Бәрі де қалпы… Адамдар көп-ақ көшеде Бейне бір теңіз ағылып. Тек қана сенің жоқтығыңа солар ішінде, Құлының отыр қамығып. Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып, Өзің бардағы тентек немерең- Қалыпты жұртқа «бағынып». Өмірге нұрлы ғашық қып мені жіберді Мейірімге толы үлкен...