Эстафета: "Айта берген" 1 жыл

Анонимді Флудерлер Клубы /
Көп бопты ғо жазбағалы. Жалпы, жазатын ештеңе жоқ. Енді неге жаздың? дегендерге жазбаның блогына, немесе шаңырағына бір қарап қоюыңызды өтінем. Сол, қысқасы:)

Қателеспесем, алдыңғы жылдың осы қыс айларында тіркелген екем. Содан бері есте қалғандар:
1. Блогкемп — 2012: Сол кезде Абылай, Ал-астер, Қырмызымен таныстым.
2. Сайтта ең алғашқы жазбаларымның бірі — Мысық туралы болды. «Оларды жақсы көретін едім» деп басталатын монолог, естеріңізде болса. Әдейі оқыған адам бас кезінде адам деп ойлап қалсын деп бастағам. Өте қайғылы жазба:)
3. Діни тақырыпта қызылкеңірдек болып айтыстық, одан ешкімге мүйіз шықпады бірақ.
4. Ораза кезінде бағдарламалаудан сабақтар жазғаным есімде.
5. Қызмет бабымен Орал, Ақсайға іссапар жасаған кездер: мында және мұнда
6. Кейін елдегі IT-ге бір қосқан үлесіміз болсын деп, Smart Development ерікті программисттер клубын құрдым. Қазір студенттер азды-көпті оқып, тырысып жатқандар бар. ITblog.kz-мыз және бар. Осында өзіміздің жігіттер қол тигенде үйренгенімізбен бөлісіп отырамыз. Клубымның жұмысы жылдан жылға жақсара бермек. Бұйырса, нағыз нәтижені әлі көрсетемін. Уақыттың тапшылығы үлкен кедергі болып жатыр.
7. Кейін тағы да іс-сапармен Ақтау қаласында болып қайттым. Абылайға әңгіме жоқ, зор құрмет көрсетті. Ақтаулық жастармен танысып, жалпы, мәңгі есте қаларлық іс-сапар болды. Ақтауға жазда барып көруге құмартып қалдым.
8. Соңғы кездері елдің болашағы жайлы патриотизм жайлы ойларға беріліп жүргенім де рас. Бір керемет дүниелер жасағым келеді, бірақ, тағы да уақыт тапшы. Ақша табам деп жүріп өмір өтіп кететін шығар. Мәселені бір адам шеше алмайды екен, масса керек. Әзірге құр сөзден басқа ештеме тындырғам жоқ.
9. Блогы жоқ блогер болмайын деп жеке блогымды да ашып қойдым.
10. АИФ-13-ке қатыстым. Онда көпшілік танысқым келген кісілермен таныстым.

Айтабермен өткен жылдың қорытындысы осы. Веб-парақ бетінде жүздескенше!)

12 пікір

MSHERIMBEK
Келесі жыл, одан да сәтті болсын :) Мен де осылай бір жазжвермесем :) Шабыттандырдың :)
ereke_enu
Іске сәт, ендеше! Сенде жазатын нәрсе көп екенін білеміз:))
ereke_enu
Рахмет. Сендерге де шығармашылық табыстар тілеймін!
Jako
Мынауыңжылдық есеп беру сияқты екен, тамаша. Осыны эстафета қылып жіберсек тамаша болар еді. Егер осыны эстафета етсек жазудан тоқырап жүргендерге тамаша қозғау болады, әрі ұйқыдағы қолданушыларды да оятамыз деп ойлаймын. «Айтабер» де бір серпіліп қалар еді.
ereke_enu
Онда бастайық, Жако аға. Таяқша сізде!)
Korkem
Қанеки! )) Күтеміз сізден жазба))
yerbol89
Уақыттың тапшылығы үлкен кедергі болып жатыр.
Менде де осындай жағдай. Уақыт тапшы болып жүр. :) Бірақ ойлап қарасам уақыт бар, тек жүйелі түрде ретке келтіру керек секілді. Осы Тайм менеджмент туралы жақсылап үйреніп аламын-ау, болмаса Тайм менеджмент туралы кітап оқу керек болып жүр маған.
ereke_enu
Баспана, көлік, т.с.с қаражаттың көлеміне байланысты мәселелерден тезірек құтылсам деп қана үлкен көлемге салынып жүрмін. Былай, күнделікті 8 сағаттыққа не жетсін. Тайм-менеджемент жайлы жақсы айттың. Сәтін салсын! Келешекте әлі талай керемет жобалар жасайсың деп сенемін, күтемін:)
AKA
Өз салаңызда толықтырулар көп болыпты бұл жылы. Алдағы жоспарлар сәтті өткей!
П.С. Шо та эстафета жаяу жүруден-ау деймін?!
Kan
Айтабер, айтарың болса айтабер. Жоғалма жаным қайта кел.
Umarbekov
«Smart Development ерікті программисттер клубы»
Осы клубты барып көрем деп едім, Астанадағой қателеспесем. Әне барам, міне барам деп жүргеніме біраз болды. Өзім сияқты бағдарламашылармен танысып тәжірбие алмасып, білгенімді үйретіп білмегенімді үйренсембе деп едім… сол бәрінің басында жүрген УАҚЫТ атты проблема менде де бар. Аллаһ сәтін салып жатса барамын міндетті түрде.

P.S. Бір жылдың ішінде бір талай нәрсені бітіріп тастапсыз, ең кереметі солардың бәрі мақала ретінде. Осыны оқып отырып өзімнен сұрап отырмын, Мен не істедім? деп. Еш нәрсе! Түк те есімде жоқ. Бақандай бір жыл былай тұрсын осыдан екі апта бұрын не істегенімді білмеймін… :( Ай осы келер жылдан бастап менде бір нәрселердің басын шалмасам…
Соңғы өңделген уақыты:
ereke_enu
Ия, клубымыз Астанада. Келіңіз, есігіміз әрдайым ашық.

Сондай бір қатырған ештеңем жоқ. Бастысы, мақсат бар, тоқтамай жылжи береміз.

Сізге тек Алла жар болсын! Бастамаларыңыз оң болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.