Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

ҚазНеттегі жаңа әрі қызықты сайттар: KazNET: Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына ұқсамайтын өзіндік ұстаным қалыптастырып, өзіндік функцияларымен ерекшеленетін портал құру біздің көздеген мақсатымыз болды, осы барыста көп іздендік, басқа сайттарды зерттедік, сараптама жасадық, немен ерекшеленеміз деп ойландық, бұдан бұрын сайт құруда жиналған тәжірибемізден қортындылар шығардық, көпшілік әріптестеріміздің (ұстаздардың) ІТ технология жағынан әлі де ең бастапқы деңгейде тұрғандығын назарға алдық, ең бастысы сапалы да қолжетімді ортақ білім қорын құруды мұрат еттік. Осы қорытындыларды сарптай келе сайттың функционалдық мүмкіндіктерін ұстаздарға барынша бейімдеуге тырыстық, ал патша көңілді ағайын сайттың бета нұсқасына бағаларыңызды беріп, сын көздеріңізбен қарап жіберсеңіздер, сурет жағынан біраз кемшіліктері бар, суретті барынша сапалы көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз, аударманың сайт бетіндегі лекцикалық сәйкестігін қадағалап, байқалған қателіктерді дұрыстап жатырмыз, неде болса Қазнетке жаңа сайт қосылды.

4 пікір

Yeld
Өте жақсы, ұстаздарға арналған әлеуметтік портал деген аты қандай жақсы еді… сайтты жетілдіріп алған соң жылдам жүріп кететін сияқты. Тіркеліп едім, профильдің баптамаларын ашайын десем ондай бет жоқ деп тұр… Мен тұратын жер де тізімде болмай шықты… Кері байланыс та істемей тұрған тәрізді… Кез-келген гиперсілтемеден соң аккаунттан шығарып жіберіп тұр дәл қазір… Бұлардың бәрі жөнделер, ең бастысы жарияланған материалдардың сапасы ғой, сіздерде эксперттер бар ма мұғалімдер жіберген материалдарды бағалайтын? Жариялауға бола ма болмай ма деген сияқты?
Сосын, орысша нұсқасы жоқ па интерфейстің???
Соңғы өңделген уақыты:
serjan
Йә қазір көрдім сіздің профиліңізді, мүмкін қайталай тіркеліп көрерсіз, 30 дан аса қолданушы тіркелді, мұндай проблема болмаған, кері байланысты қазір қараймын.
serjan
Бізбен байланыс істеп тұр, орысша интерфейске сұраныс болса шығарамыз.
Kan
Әриптес сайтқа қашан тиркелуге болады айтарсыз. Мен көптеген дүниелер бере аламын.
Сосын Секе сайттың суретіне келсек бір нәрсе жетпейтін секілді. Сынып журналының суреті бола ма әлде ұстаздардың фотасыма немесе мектеп суреті ма. Әйтеуір тақырыпты ашатын сайттың затына сай бір нәрсе болса дегенім ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.