Жол қызықтары.

Елді мекендер /
Астана бағытына қарай қаншама жол түсіп жатса да уақыт шектеулілігіне байланысты ылғи поезд немесе самолетпен барады екенмін. Сәті түссе көлігіммен шығып жол бойын қызықтап, демала отырып асықпай барсам деген бір ой бар еді. Соның бір сәті түскендей болып қалды. Петропавловск қаласынан бір шаруалар шығып, барып қайту керек болды.Осы бір сәтті пайдаланып екі дос інішекпен, мені қосқанда үшеу болып жолға шықтық. Маршрут Тараз-Шу-Балхаш-Қарағанды-Астана-Көкшетау-Петропавловск болды.Жол кәдігімгі жолдағыдай әжүк-күжік әңгімемен қысқаруда, үш адам болғандықтан, әрі уақыттан қысып асықтыру болмағандықтан онша шаршай қойған жоқпыз.Шығарда барғанша еш жерге тоқтамай барар жерімізге жетіп бірақ тоқтаймыз да, ісіміз біткен соң қайтарда асықпай жол бойын қызықтап келеміз деп келісіп алып едік. Сол тәртіппен жүріп келеміз.Мен өзімнің дәл осы келісімнен ұтылғанымды қайтарда түсіндім. Ойға алған жұмысымыздың Көкшетаудан бітуіне байланысты Петропавловск қаласына мүлде соға алмадық, бұл мен үшін өкінішті болды, мен бұл қалады бұрын-соңды болмаған едім, тағы сәті түспеді. Ал Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларынан түнде өтуге тура келді.Жолда көлікпен жүрген адамның бірінші көңіл аударатынының өзі сол жол емес пе? Таразбен Меркі арасындағы жол шығыс Қытай, батыс Европа магистралі айтарлығы жоқ тамаша, ал Меркіден Бурылбайталға дейінгі 250км жол тек қана жол атауында екен. Бурылбайталдан Астанаға дейінгі жол Алматы-Астана магистралі біршама жаман емес па деп ойладым. Ал енді Астана-Көкшетау автобанына келсек жақсы әрине, бірақ кей жерлерінің ойылып сыр бере бастағаны көңілге кірбің ұялатты.Тағы бір ұнамағандығы Қарағанды мен Астананың маи қызметкерлерінің арсыз, ұяттан безгендігі. Мен Тараздың маи қызметіндегілерді ең жексұрындар шығар деп ойлаушы едім, сөйтсем қателескен екенмін.Қысқасы енді суреттерді сөйлетіп көрейін.
Елді мекендер: Жол қызықтары.
Балхаш көлі басталды.

1. Елді мекендер: Жол қызықтары.
Мына бір дәмхана трактир «Старый Мельник» деп аталады екен, бірақ өзі атына сай емес сияқты.

2.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Балхашта тұрып қармақ салмау күнә болар.

3.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Тілек екеуіміз.
Елді мекендер: Жол қызықтары.
4.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Алтын балықпен.
Балхашқа кіре берісте мына ескі паровоз қарсы алады екен.

5.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Қазағымның даласы қандай тамаша, сар даламен жүйткіп келе жатсаң алдыңнан осындай керемет тау шыға келеді.

6.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Соңғы жылдары пайдалануға берілген Жамбыл алыбы «Жамбылцемзавод» Балхаш көлі жағалауында Мыңарал жерінде.Осы зауыттың бір ерекшелігі шикізат 5 шақырымдық карьерден конвейр арқылы тура ұсақтау цехына жеткеріледі екен.

7.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Мына бір үшкір шың етегіне қарағайлар өскенде әйгілі Көкшенің Бурабайындағы Оқжетпестен айнымай қалар еді-ау деген ой келеді.Ал қазір бәрібір Бетпақдаланың Оқжетпесі болып тұр.

8.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Бір байқағаным Балхаш пен Қарағандының арасынан осындай көне құрылыстардың бірнешеуін көрдім.Бірақ осы құрылыстардың бірнеше ғасырлық тарихы бар екені қарапайым көзге көрініп тұрса да ешқайсысы да мемлекет қарауына алынбаған, ол тұрмақ аты-жөні жазылған тақтайша да жоқ.

9.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Жаңбыр мен желден сырт жақтары тегістеліп кеткенімен іш жағынан кірпіштер анық көрініп тұр.

10.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Мына бір жел энергиясын өндіретін құрал өте қарапайым екен.

11.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Содан да болар малшылар осы құрылымды пайдаланады екен

12.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Жол бойы осындай кемпингтерге толы, бірақ сапасымен мақтануға тұрмайды.

13.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Қала ішінде, биі үйлер арасында жүріп кешкіғұрым күннің алаулап батқанында көрмегеніме бірталай болыпты-ау.

14.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Мында біреу Астананың пирамидасын көшіріп орнатыпты.

15.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Жолда дайындалған бичпакетте дәмді болады.
16.Елді мекендер: Жол қызықтары.
17.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Орман ауасы керемет,әттең көктем болғанда ғой.Қуат екуіміз.

Тасты жарып шыққан қарағайлар.

18.Елді мекендер: Жол қызықтары.
Елді мекендер: Жол қызықтары.
Тілек біз тамақ істеп жатқанда орманнан саңырауқұлақ теріп үлгеріпті.

19.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Саршағанның балығы-ай…

20.Елді мекендер: Жол қызықтары.

Саршаған балығымен мақтанса Меркі балымен мақтана алады.
21Елді мекендер: Жол қызықтары.

Мына қызыққа қара, елдің бәрі " Титанник" кемесін Атлант мұхиты түбінен іздеп жүр, ал ол болса Мойынқұмда құмның арасында тұр. Адамдардың фантазиясына шек жоқ-ау, сірә…

19 пікір

yesbolat83
Жако ағай, жақсы сапар болған екен. Суреттер ішінен мені 8-9-шы ескерусіз қалған көне құрылыс толғандырып отыр. Мемлекет өз қорғауына алмаса құрып кетуі әбден мүмкін.
Jako
Еске, суреттерге түсініктеме жазудан миым ашып шатапсып кеттім, бір реті келгенде жөндеймін. Ал енді ескерткіштерге келсек мен де қатты қынжылдым, мүмкін біреулердің көзіне түсер.
Yeld
Алыс жолға мәшінмен аман-сау барып келгеннің өзі осы күні ерлік сияқты маған…
Ал ана саманнан салған ескерткіш емес, біреудің зираты ғой, оның өкіметке не қажеті бар қорғауға алып? Бар болса ұрпақтары тасқа жазып қойсын, кімнің жерленгенін жазып… одан өзге қорғау керек емес сияқты маған. Біз жақта да көп ондай құлап, мүжілген зираттар… Кезінде бір ауылдың бетке ұстар биі немесе намысын қорғаған батыры болған шығар…
Сосын дәл анадай паровозды жақында біздің Шарға да қойды вокзалдың алдына, әлі бояп болған жоқ, маңайына тас төсеп газон жасап жатыр… Көптеген қалаларда бар екен сондай паровоз, Аягөзде, Защитада бар мен көрген…
Айналатынын жатқызып қойған ветрякқа қызып отырмын, қайдан алды екен…
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Иә, рахмет,4000км -дей жүріп қайттық. Бірақ зиратқа келсек ол ескерткіш болғанда қандай, кез-келген ескі зират ескерткіш.Тегі еш құндылығы болмаса да силау тірілер міндеті, олар да біздей болған, бізде солардай боламыз, міне сондықтан да силау міндетіміз. Ұлтымывздың мақтанышы Алтын адам да зираттан табылған жоқ па? Ал енді паровозға келсек, ол енді турксиб теміржолы бойындағы үлкен станциялардың бәрінде де бар, ол осы шойын жол бойының символы іспеттес.Мен оны өзім есімді білгелі бері бірнеше мың рет көрген болармын (депоға жақын тұрамын) сондада көрген сайын тебіренбей өте алмаймын, себебі ол тарих. Ал оны әлі бір ретте көрмегендер бар және олар аз емес.Міне ол соларға керек болар.
Jako
Айтпақшы, КСРОның кезінде Шарда, Ауыл стансасында, Рубцовка қаласында болған едім.
Korkem
Қандай күшті жазылған. Мәшинеңіз джынд екен енД))) Машинамен Қазақстанның мына басынан о басына баруға шыдай алмаймын) ол түгіл Сарыағашқа әрең шыдайм.
Jako
Көркемтай, рахмет жаным, жастар алатындай бірнәрсе болса болды әйтеуір.
Соңғы өңделген уақыты:
marat-sail
О, пәлі! Лайым Құдай сапарыңызды оң қылсын. Шынына келейін Сарыағаштың балығы дәмді секілді, ә… Суреттер өте тамаша шығыпты.
Jako
Рахмет Марат, бірақ балықты қанша мақтасаң да қаззы болмайды-ау))))
marat-sail
Сөзіңіздің жаны бар. Дей тұрғанмен, өз алдына қазы бір төбе, балық бір төбе емес пе?!
yesbolat83
Сонда екеуі екі төбе ма?
Jako
Ооо, әрине, қазаққа қазының орны мүлдем бөлек қой.
Jako
Иә, дұрыс айтасың аптасына бір жемесек балықты кәдігімгідей-ақ аңсап қаламыз.
MSHERIMBEK
Ой, көкем-оооой, тынбайсызи :) Жүзіңізден бір өзгеще мейір төгіліп тұрад та :)
Jako
Рахмет, Садко!
Delfina
Ого, Жездекем мықты)) Күшті, біраз жерді бізде көріп қалдық суреттен болсада)
Батыс жақты бір аралап қайтпадыңызба))
Jako
О, рахмет, балдыз, Алла қалап жол түссе батысқа да бір сапар ойда бар))).
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.