Mission Complete

Өз ойым /
Жұмыс ауыстырып жатырмын. Күні ертең анда болуым керек. Ауызша келісім солай болды. Негізі, бір ғана тапсырмасын жасап беруім керек еді, клиентімнің әңгімесінің соңы өз қарамағына алуға ұласып кетті. Мен де аңқау, «ауысам» дей салдым. Расында «осы жерде бір жылға толтырсам, басқа жұмысқа ауысам» деп жүруші едім. Жобаларына қарағанда «тегін» кісі емес секілді көрінді. Тәуекел… Айтылған сөз — атылған оқ. Сөзімнен бұлтарудың түрлі нұсқалары ойыма келе берді. Бірақ, не қайыр? Пойыз жүрді, заттарыңды түгелдегеннен пайда жоқ — жолаушысың.

Көңіл-күй — жайсыз. Ойланып отырмын. Мұндағылар әлі кететінімді білмейді. Отпускіге арыз жазғам, қайтарып алдым. Алдағы айда отпускіні ең ақымақ адам алатын шығар)) Айдың өзі отпускі ғой. Жұмыс үстелім, қағаздарым, компьютерім, тумбочка, кресло, каруселька, қоқыс жәшігім, сервактар, желідегі файлдар бәрі-бәрі қалып барады. Оларды қойш, үйреніп қалған әріптестерімді айтсаңшы((( Кез келген еркелігімді көтере беретін ед. Ана жақтағылар біраз қуалайды-ау… Бос уақыт азайып, жай күні оқылмаған универдің сабағы, енді мүлдем ұмытылады)

Хош… әріптестерім… Ертең келесіңдер — кабинет жабық тұрады. 9 болады, 10 болады, мен әлі жоқпын. Тағы да "ұйықтап қаппын, жаба салыңдарш" деп звондайтын болар не агенттен «1 қабатта көтеріліп келе жатырмын» деп жазып, өзі 40 мин соң пайда болатын шығар деп ойлайсыңдар. Бірақ, жоқ. Қызық, тіпті юрист кісі менің қайда екенімді сұрамайды. Керісінше, бәлкім, содан естірсіңдер, жұмыстан шығып кеткенімді.

Қоштасқым келмейді… Әлі көрісеміз. Бір жақсысы, жаңа жұмысым осы жерден бір аялдама жерде екен) Мешітке жақынырақ. Тамақ ішетін жерге де)

P.S: Тауар, қызмет сатқан бір бөлек, өзіңді сатқан бір бөлек екен. Жұмыс берушімен әңгіме үстінде бұрынғы жалақымнан сәл жоғары жалақыға келісіп қалдым. Бұл — қателік. Мұндай жағдай жарты жылда бір қайталанатын жағдай болғандықтан — дүниелік шаруаларда ең үлкен қатенің бірі деуге болады.

26 пікір

Yasin
ereke_enu, жаңа жұмыс құтты болсын Аллаһ жеңілдік берсін!
ereke_enu
аминь. Сізге де жеңілдігін берсін!
Kan
Жолың болсын жолаушы.
qyrmyzy
Сәттілік тілеймін!
ereke_enu
аминь. Саған да сәттілік!
didi0393
Jana jumysynyzda sattilik tileimin. Adamga ozgeris te paida)))
ereke_enu
Аминь. Сізге де сәттілік. Мен де солай ойлаймын.
MSHERIMBEK
бғат, жаңа жұмыс құтты болсын. Алғаш рет басқа қаладағы мектебімді өз еркіммен байқамай ауыстырып қойғанымда болған еді. Жалпы, үйреніп кетесің, жаңа жақтағы таныстар да өте ұнап кетеді. Кейде ескі жұмыстағылар ұмытылып кетіп те жатады. Алғашқы жұмыстың аты- алғашқы жұмыс қо енд))
ereke_enu
раха, бырат! ИнщаАлла үйреніп кетермін. Иә, алғашқылардың бірі ғой Бұған дейін 1-2 компанияда бірнеше айлап жасап кеткем)
AL-ASTER
Жаңа қызмет — жаңа белестерді бағындыруға себеп болсын, амиго. Бір ай бұрын тура осы жғдай менің басымда болды.

Қазір менің өмірім өзінше бір жаңа парақтан басталып жатыр.

Бір қалада болсақ, жолығып тұрамыз. Шамалауымша, осы үлкен қала болуы керек. :)

Қайда жүрсең де, аман жүр!
ereke_enu
Рахмет, Амиго. Жоқ ол жақ емес, әлі осындамын) Әлде сен осында кеп қойдың ба?)))
Karakulov
sattilik! Allah berekelisine jetkizsin!
ereke_enu
аминь! Сені де
Ak123
ойбууууу мен сізді ЕНУдың студенті екен десем, от души АҒА екенсіз ғой)))) жаңа жұмысыңыз жаңа табыстар алып келсін!!!
ereke_enu
Студент АҒА-лар болмай ма не?)))
Ak123
басқаларды білмейм, өзіміздегі үлкен курстың «ағалары» аға болатындай үлгі көрсеткен жоқа сіз бола аласыз))))
ereke_enu
Ізгі тілектеріңізге рахмет! Әрдайым аманшылықта, жақсылықта болайық! Алла жар болсын!
didar
кутты болсын! жана жумыста троллить етуге онша уактын бола коймас))))
сайт та тынышталып капты
ereke_enu
троллинг деген не зат?
didar
осы мессагеннын озы троллинг гой, дарагой)))
StrangeR
троллингті дұрыс түсінбепсіз
didar
жолшвай, тока сен уйретем демеш не екенын? троллинг мастеры отырыктен троллинг не диды го! ха ха ха
ereke_enu
Білмей жүрсем, троллинг шебері екем ғой)) Бырат, мен шын троллинг дегеніңді түсінбей тұрм. Бір нәрсені сұраған троллинг па не?
zhomart
Жаңа жұмыстың берекесін берсін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.