Қазақ жігіттеріне қанша жастан үйленген дұрыс? Жауабы...
- жазған: akil_kalta01
- 477
- 57
Ай бойдақшылық ай…. Бойдақпын деп мәз боламын жасым болса 21-ден асып барады. Ата-анам келінді асығып күйдім-сүйдім деп бізбен ақылдаспай әкеліп қойма деп шыр-пыр болып жүр. Олар қайдан білсін менің (әзірше)сүйген сұлуымның жоқ екенін. Сұлуым деп еркелетіп қоямын ғой тағы, жоқ адамды. Ой деген шіркін жүйрік екен расында! Өз ойыммен өзім тартысып маған байсалды, ақылды қызбен шаңырақ көтеру керек десем, біраздан соң жо-жоқ маған байсалды әрі (тем более) ақылды қыздың керегі не деп қоямын. Өзіме тағы ақыл үйретіп, әр басқан қадамым соның қалауынша болып кетсе ше деген қорқыныш тағы бар. Сосын осы ойларымның ішіндегі ең дұрысы ең алдымен мен қанша жасымда үйленгенім дұрыс деген сұрақ бойыша ізденгенім дұрыс болар деп шештім. Себебі алып ұшқан сезім шіркін ақылға да дес бермейді екен. Бұл сөзіме өмір практикасы дәлел. Ал ені Айтаберлік ханымдар мен мырзалар, ағалар мен інілер (ақсақалдар мен қарасақалдар :)\) сұлуда сымбатты қыздар маған не ақыл кеңес бересіздер? Сұлуымды тапқан күні құда түсіп сырға салғаным дұрыспа әлде тағдырым тағы кімге жолықтырар екен деп уақыт созғаным дұрыс па? Әлде «Шіркін бойдақшылық» деп 30 жасқа дейін жүргенім дұрыс па? Интернет әлемінің Патшалары мен Падишалары сіздердің алтын пікірлеріңіз мен үшін қымбат.
Р.С: Елдің ертеңі өзіміз яғни сізбен біз ( әкелер мен аналар)
Р.С: Елдің ертеңі өзіміз яғни сізбен біз ( әкелер мен аналар)
57 пікір
көзің түсіп жүрген біреу-міреу бар ғой деймінЕркелік пен қылық кез келген қызда болады,
болмаса болмайды.Қыздар емес, жігіттер қайда қарап жүреді десеңші
— Кейбір отбасылардың жаң-жалының себебі ол, ақша жоқтық немесе сол сияқты ақшаға байланысты болып жатады. Бұнымен не демекшімін, ең бастысы ертенгі жанұяңды қалай асырайтыныңды ойла, қалғандары екіншіліктер.
(второстепенный)Еркек ертеңгі жанұясын асырауға лайық(достойна) болу керек!
Егер сол жағдайыңды жасап, қамын ойлап жүргеніңде табылып қалар деген ой келмейді ме?
Мысалы: медицина маманы болған, ауруханаға жұмысқа түседі, сол жерде өзінің болашақ жарын тауып жатады… Тағы сол сияқты.
— Егер біреулеріңде сұрақ туындаса, Өмірлік серігімді опық жемей таңдасам ғой? кейін жаман болып ойдағыдай шықпай қалса қалай болмақ?
Мынадай сөз бар еді ғой, Қыз кезінде бәрі жақсы жаман
қатынәйел қайдан шықсын.Бұнымен мен, таңдау бұлай тұрғанда, бір жағынан еркектің өзіне де байланысты, кейінгі әйелінің қандай болуы… Тәрбиесіне, іс әрекетіне… Осы сөзді бірнеше адамға қойғанда, ішіндегі мына жауап ұнаған еді.
Ол: Мүмкін жаман еркектен шығар...
Жауапты қыз берген.«шал кезінде бәрі ақылгөй, жас кезінде қайда кеткен?»)))мақалыңа мақалмен жауап берер болсам, «шешесін көріп қызын ал» дер едім. Әрбір қыз ертеңгі өз өмірін анасының тәрбиесімен байланыстырады, себебі "ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің". Мысалы, мен өзім ертең қандай әйел боларымды тіпті болжай да, елестете де алмаймын, алайда анама ұқсағым келеді.оларда почта, мир жоқ қой :))Егер оларда почта, мир бар болатын болса, айналып өтіңіз дер ем да)))қалай көрсек болады деймісіз? Әлбетте, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаңыз» дер едім…ық-ық көршінің баласы