Қандай түсті көлікті ұнатасыз?

Қызықты деректер /
Күміс түсті көлікті ұнататындар өзін өзгелерден жоғары қояды. Не істесе дек бәрін алдын ала ойластырып, соған қарай ұмтылады. Сырт көзге ақылды, бай, жомарт. Шын бейнесі одан алшақтау, сырын жақын араласқан адамы ғана біледі. Өте сақ адам.

Қара түсті көлікті жай табатындар нақты бір шешімге келу үшін жан жағын ойластырып, қателеспеу үшін таразыға салады. Іші толған мұң. Өтірікті ұнатпайды. Шыншылдармен айрылмас адам. Жылдамдықты сүйеді, кез келген жағдайда еркін ұстайды, жанталасатын адам.

Ақ түсті таңдайтындар қызуқанды, тәуекелге құмар, тек өздерін ғана мақтағанды, басқалардың бағынғанын жақсы көреді. Үстемдік құруға құма. Әділдік пен адалдыққа ұмтылатын, өз қауіпсіздігіне ерекше мән беретін адам.

Қызыл түсті көліктердің иесі ашушаңдықтың, өзгеге күш көрсетуге, тісін батыруға бейім, кекшіл. Ғашыққа көп берілетін адам. Бұл түс спортшылар мен қыз жанды адамдар әуес. Жарысқа түсуге, бәсекелесуге құмар, дайын.

Көк түсті көліктердің иесі қарапайым, ұстамды, ойлы,ұяң адамдар. Байсалды қалпын сақтап, сабырлы күйде жүретін адамдар баппен киініп сәнмен тамақтанып, көңілді жүргенді ұнатады. Кей кейде эгоисттік мінезі бар.

5 пікір

Jako
Менің мінген көліктерімнің көпшілігі қара екен, ақ, шие түсті, дымқыл(мокрый) асфальт түрлері де болған еді.
Ak123
қара күшті бәрібір)
banzaika1990
Қап-қара көліктерге жетері жоқ)))))))))))))))))
мынандай жазбалардан кейін өзімді жақсыыыы көріп кеттім кәдімгідей. Қақаған аязда, жылқы жылында, 4 топты, қап-қара түстерді жақсы көретін бала болып туылғаныма мәәәәз боп отырм өмірімде бірінші рет. Бұрында мұнын бәрін жамандыққа жорушы едім))))))))))))))))))
Aikona
Төмендегі үшеуі рет-ретімен екен)))
Қара түсті көлікті жай табатындар нақты бір шешімге келу үшін жан жағын ойластырып, қателеспеу үшін таразыға салады. Іші толған мұң. Өтірікті ұнатпайды. Шыншылдармен айрылмас адам. Жылдамдықты сүйеді, кез келген жағдайда еркін ұстайды, жанталасатын адам.

Ақ түсті таңдайтындар қызуқанды, тәуекелге құмар, тек өздерін ғана мақтағанды, басқалардың бағынғанын жақсы көреді. Үстемдік құруға құма. Әділдік пен адалдыққа ұмтылатын, өз қауіпсіздігіне ерекше мән беретін адам.

Қызыл түсті көліктердің иесі ашушаңдықтың, өзгеге күш көрсетуге, тісін батыруға бейім, кекшіл. Ғашыққа көп берілетін адам. Бұл түс спортшылар мен қыз жанды адамдар әуес. Жарысқа түсуге, бәсекелесуге құмар, дайын.
Meirbek
Күміс түстес деген серебристый деген бе? Мен осы түсті көлікті жақсы көремін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.