Сіз күткен SADKO FM жанданды. Анонс #AL-ASTER
Құрметті қолданушылар, жағымды жаңалық! Енді SADKO FM-нің аудио нұсқасы жарыққа шықпақ. Сонымен қатар, бұрынғы версия да бірге жүргізіліп отыратын болады. Күтіңіздер!
SADKO FM аудио нұсқасының алғашқы қонағы — сегіз қырлы, бір сырлы, сабырлы да салмақты, ұшқыр ойлы, IT саласының жілігін шағып, майын ішетін сайтымыздың беделді қолданушысы — AL-ASTER мырза.
AL-ASTER ге қоятын сұрақтарыңызды[email protected] поштасына немесе жекеге «Ал-Астерге сұрақ» деген тақырыпшамен жіберсеңіздер болады. Сұрақтарыңыз, мейлінше,IT-саласына қатысты болғаны жақсы. Ендеше, іске сәт!
ПЫСЫ: Сәттілік тілей отырыңыздар!
17 пікір
Аудиопост мазмұны келесі тақырыптары қамтығанын жоспарлаудамыз:
— Ақпараттық технология қалай дамып жатыр;
— ІТ мамандары қай топтарға жіктеледі, әрқайсысының алдына қойған қандай міндеттері бар;
Жоғарыда аталып өткен екі сұрақ та өзінше жеткілікті сияқты. Сайт аудиториясы жастар ортасы, талқылау шама қолданушылық деңгейде ғана екенін ескере отырып, ІТ саласына қатысты өз сауалдарыңызды постта келтірілген е-мейлге жолдасаңыздар, сұхбат беруші тарап қуана күтетінін хабарлаймыз.
Сұрақ жауаптары, қызметтегі практика факттары мен түрлі ІТ саласына қатысты ақпарат ресурстары мәліметіне сүйене отырып талдау жасалып, қысқа да нұсқа түрінде ұсыну жоспарлануда.
Рахмет.