Рейтинг
+60.14

Ақ парақтағы ойлар

Өмірде болған оқиға желісімен…

Тәуелсіздік күні тағы да тасада қала ма?

Желтоқсан жақындаса болды, жаным күйзелетін болып жүр. Қабағымнан қар жауып, мұз қатпаса да, көңіл-күйім түсіп кетеді. Әйтеуір ар жағында белгісіз бір мұң жатады. Тұла бойым тітіркеніп, бойымнан...

Оқып көр, ой салар...(3) "Футбол.Фарер аралдары vs Қазақстан"

Футболдан Фарер аралдары мен Қазақстан кездескенде жазған дүнием еді... Кеше футболдан ұлттық құрамамыз(ұлттық деген аты ғана болмаса, қатары көк көз көршіміздің ұрпағымен толыққан) 2016 жылы...

Қуыршақ пен ит...

Баланың қолында қуыршақ, ал қарияның жетегінде ит. Екеуі де адам үшін тілсіз. Екеуі де ашуланбайды. Ұрыс-керістен аулақ. Бала қуыршаққа, қария итке аманат. Баланың әке-шешесі қайда?...

Оқып көр, ой салар...(1) "НЕГЕ?"

Екеуіміздің іс-әрекетімізге қарасам, езуіме күлкі үйіріледі. Әлеуметтік желіде әңгімеміз жарасқанымен, шынайы өмірде хәл сұрасу былай тұрсын, бірін бірі ешқашан көрмеген бейтаныс адамдардың...

"Мен Мессиге ұқсаймын"

«Егер мен оларға өзімнің кім екенімді айтқанымда, ешкім сенбес еді. Себебі, бұл миға қонымсыз дүние болып көрінеді. Білемін, білемін… Әйтсе де, адам сенгісіз болса да осындай екенім шындық! Мен – СУПЕРҚАЛЫПТЫ АДАММЫН! Менің басқалардан еш айырмашылығым жоқ.» Шымкентте алғаш рет комикс-репортаждардың көшпелі көрмесі өтті. Жоғарыдағы монолог сол репортаждан алынған жазба. Бұл алматылық...

Бүгін жаңбыр...

Бүгін таңнан аспан әлденеге ренжулі еді. Өксігін баса алмай кейде тым суық самалды, кейде тымық ауаны кең көшелердің бойымен айдаған күйі көше шәйханаларының шатырын ары да бері сілкіп, тұңғиық...

Балалар үйі

Сәбидің күлкісі...қандай ғажап әуен десеңізші?! Құлағыма сәбидің қуанған, күлген дауысы естіледі… мен де қуанамын, менің де езуіме күлкі келді. Бірақ… бұл жетім сәбидің дауысы ғой. Жетім… жүрекке...

Мен ұмытқан бір сәт...

Бүгін таңертең өте ауыр ояндым… ...Өлім періштесі келді. Келді де, алқымымнан алып, көкірегімнен бірдеңені ауыр деммен суыра бастады. Аяқтарым қимылсыз бола бастағанын сездім. — 5 минут, 5 минут уақыт берші, ата-анаммен, бауырларыммен, сүйікті жарыммен соңғы рет қоштасып алайыншы. Соңғы рет, құшып алайыншы — деп барыммен жалына бастадым, — Уа, Тәңірім, мен бұған дайын емес едім ғой. Әлі...