Рейтинг
+52.76

Қазақ салт-дәстүрлері

Ұлт ұлт болып қалыптасу үшін міндетті түрде оның тілі мен салт-дәстүрі сақталуы керек.

Көрімдік - атты қазақтың салт-дәстүріне түсініктеме.

Көрімдік — жаңа туған нәрестені сондай- ақ жаңа түскен келінді алғаш көрген мезетінде берілетін сый. Ұзатылатын қыздың жасауына күйеу жағынан келген құдалардың тартуы түрінде берілетін сыйды...

Ерулік - атты қазақтың салт-дәстүріне түсініктеме.

Біздің халқымызда «ЕРУЛІК»-деген тамаша дәстүр бар. Бір ауылға басқа жақтан көшіп келіп қоныстанған жанұяны көршілері шақырып, үй-жайын көрсетіп, елге келдің жатырқамай аралас-құралас болайық деген ниетпенен дастархан жайып ас беретін болған. Бір айта кетердігі бұндай шақыруға бала-шағасымен сол жанұяны түгел шақыратын болған.Осы қарым-қатынасты «ЕРУЛІК БЕРУ»-деп атаған.

  • Jako

Теңге тағу - атты қазақтың салт-дәстүріне түсініктеме.

ТЕҢГЕ ТАҒУ деген салт.Көптен бастары қосылмай отырыс сағынып жүрген келіндер сол ауылда бір егделеу абысындарының немересінің өңіріне теңге(түйме)тағып жіберетін болған. Оны түсіне қойған апалары барын қазанына салып кеіндерін күтіп жіберетін болған

  • Jako

Қол және аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері

1. Білем — саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы. 2. Шынтақ — қолдың басы мен шынтақ аралығы. 3. Қолтық — қолжың басы мен қолтықтың аралығы. Кез деп те атайды. 4. Құлаш — иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы. 5. Кере (сала) құлаш — иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы. — 1. Табан — аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы. 2. Адым (қадам) —...

Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері

1. Елі — саусақтың көлденең қалыңдығы, ені. 2. Тұтам — бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 еліге тең. 3. Сүйем — бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем. 4. Сынық сүйем — сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір Сүйемнің 3/4 бөлігі. 5. Қарыс сүйем — бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері. 6. Сере — сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған...

Мақал-мәтелдер

Балалы үйдің ұрлығы жатпас. Қарға баласын “аппағым” дейді. Кірпі баласын “жұмсағым” дейді. Жалғыз баласы бардың Шығар-шығпас жаны бар. Екі баласы бардың, Өкпе, бауыр, жалы бар. Үш баласы бардың, Бұқарада пұлы бар. Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді. Қалыңдығына өкпелеген күйеу, Қайнысына сәлем бермейді. Үйдің жылы-суығын, Қыс түскенде білерсің....

Азық-түлікке қатысты өлшемдер

Бір асым (ет) *жақшаның ішіндегі азық-түлік атауы, ал алдындағы өлшем атауы. Бір елі (қазы). Бір жапырақ (ет, нан). Бір жұтым (қымыз, сүт). Бір тұтам (қазы). Бір ұрттам (қымыз, ет). Бір уыс (бидай, тары) Бір үгім (тұз). Бір үзім (нан). Бір шөкім (тұз). Бір шымшым (тұз). Жұдырық басындай (ет, қазы). Бір қайнатым (шай). Бір...

Адамның мінезіне, қылығына байланысты атаулар

Әздек — ерке. Бәңші — нашақор, апиыншы. Бұлан — еш қиындық көрмей бұла болып еркін өскен, ерке. *Еркебұлан да осы мағынада. Жүрімпаз — ұл балаша киініп өскен қыз. Кісікиік — тағы, жабайы. Қатынбасша — қатын-қалаштың ісіне араласушы еркек. Қызылшыл — ет құмар, қызыл жанды. Ойнас — жасырын көңіл қосатын адам, тамыр, ашына *мәәәә, мұны білмейтін адам...

Адамның дене пішініне байланысты атаулар

Апай төс — кең кеуделі, омыраулы. Бақа көз — сыртына шығыңқылау томпақ көз. Бақа мойын — қысқа мойын. Бақа тамақ — бұғағы түсіңкілеу, жалпақ тамақ. Божбан — нағыз қара, шой қара. Кетік — тісі түскен. Қасқыртаңдай — жоғары жақ сүйектері мен таңдай сүйегінің бірікпеуінен болатын кемістік. Қожбан — аса ірі, дәу. Қоянжырық — іштен туа пайда болған...

Адамның жасына байланысты атаулар

Сәлем, ағайын! Мен кешеден бері не жазсам деп ойланып, ойланып мынадай шешімге келдім. Үйімде жақсы бір кітап бар екен, атауы "ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ", Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. 128 бет. Жалпы редакциясын басқарған Ғ. Халықұлы, алғы сөзін жазған Аюбай Құралұлы деген азаматтар екен. Соның ішінен көпшілікке пайдасы тиеді-ау деген нәрселерді жазып тұрамын құдай...