#mussession Алматыда. Жаңа жоба.


Амансыңдар ма, айналайындарым?!)
Құдай қалап, жаңа жобамызды аштық #mussession атауымен.
Жобаның негізі — акустикалық концерттік бағдарламаларды өткізу. Иә, фонограммасыз, иә, электрикасыз.
Қатысушы тараптар: Жас әншілер, миллениум өкілдері және тірі дауысты ұнататын өнерсүйер қауым.
Пайда болу себебі айналаның жанды дауысты көбірек қажетсінуіне және мүгедек балаларға қол ұшын созуға ұмтылуымызға негізделеді.
Жоба жаңадан тәй басқаны себепті танымал емес-ті және ешкім бұл туралы білмейді. Өзімізге ультиматум қойдық: алғашқы 1000 ерушілер мен 700 көрермен жиналғанда ғана өткіземіз деп… Сондықтан, құрметті Достар, Сіздерден сұрайтыным, ВК әлеуметтік желісіндегі аккаунтыңызбен vk.com/mussession_almaty бойынша өтіп, жазылыңыздар, достарыңызға таратыңыздар, айтыңыздар! ..Әйел қауымы, өсектеңіздер «муссэйшн дейма, сондай өткелі жатр екен ғой әә» деп… Тек күшімізді біріктіріп қана осы жобаны іске асыра аламыз. Алдын ала алғысым!!! Мотивация болсын, 2 планшетті ұтысқа салдық :)

5 пікір

avatar
  • tonukok
  • 0
Бастамаңа сәттілік! Алматыға осы үшін ғана баруға дайынмын :) Қосылыңдар дДостар!
  • Abylai
  • 0
Әләкөшінен айналдым. Көңіл үшін емес, жанды дауыс үшін де емес, өзіңмен реалда жүрдесу үшін ғана барамын. )) Сәттілік бауырым!
  • rauan
  • 0
Парақшаға жазылдық! Сәттілік!_Жарнама жағынан қолдау керек болса айт… бір екі репост жасап тастайық -_-
avatar
  • Kan
  • 0
Жарайсыңдар достар. Осындай жанды даустағы әншілер керек бізге. бұл қоғам талабы деп білем. Менің көмегім болсын қаласаңыздар өз әндерімді сіздерге тегін берейін.
avatar
  • qyrmyzy
  • 0
i like
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.