Маңызсыз...

Ол күндер оралмас ендігі,
Орал деп тілеуім сандырақ.
Мен кеттім көк гүлді ақын боп,
Сен болсаң көтердің шаңырақ.
Бақытсыз, бақытты — маңызсыз,
Өткенім өкініш сол қайғы.
Махаббат гүлі емес бұл маңда,
Мұң-шердің бүршігі солмайды.
Естідім. Естігім келмеген.
Бүгінің ертеңді мәпелеп,
Қаршадай сол жанды қуантсын
Бір сәби жүгірер әкелеп.
Несіне қарайсың телміріп,
Мен емес қайыңды құлатқан.
Жылатып кеткенде көп жанды,
Мен барып өлеңмен жұбатқам.
«Сағынам» дейсің бе сыбырлап,
Мен дағы сағынғам көктемде.
Бір қадам келмедің жаныма,
Өзің деп көз жасым төккенде.
Бүгін кеп жылауың бекерлік.
Жүректе аяйтын бір дем жоқ.
Сезімнің термесін саларда,
Осылай боларын білгем жоқ.
Құрбым-ау, өткенге өкінбе,
деп қоям өзімше бәлсініп.
Өкпелеп отырмын көктемге,
Өкініш сарайын тарсынып.
Екеуміз өткізген күндерге,
Ренішім қалыпты сәл сіңіп.
Жүректің алқасы тамаша,
Қалғаны болмаса сәл сынып.
Мен енді өзің деп жүрмеймін,
маңызды емес қой қалғаны.
Көзіңе қараған сол жанды,
Бақытты ете алсаң болғаны…
Шаттыққа жете алсаң болғаны…
Ал менің мұңымның толғаны,
Жылаған өлеңнің жолдары,
Маңызсыз…

14.12.12
Жарқыннұр Болысханқызы

24 пікір

avatar
  • duman
  • 0
ду қол шапалақ!!!
  • JarkynNUR
  • 0
иә… мұңыма шапалақ ұрыңыздар! ))
avatar
  • mairosh
  • 0
))))
  • Jolai
  • 0
Керемет
  • QARASAQAL
  • +1
мәәәә, брависсимо! неткен жеткізу. әттең өлең контексті қайғыға негізделгені өкінішті Жарқыннұр. Қуанышта жазар тәтті мұңдарыңыз көп болсын)
  • JarkynNUR
  • 0
Рақмет! ))
Ақындар жылауық бопкеткенбе бырдемего(((((
  • JarkynNUR
  • 0
Ақын емес адамдар да жылайды ғой )) тек ақындар өлеңмен шығарады барлық мұңын, ал басқаларын білмеймін қалай шығаратындарын…
Ақын емес адамдар да жылайды ғой ))
осы жерде жаман кулдым хаххахааааах кім сіңілім кері оқып қаращ не жазғанынызды? көп кешікпей өзіңде күлесін сонда)))
  • QARASAQAL
  • 0
Амиго, бұл жерде ақын емес, қыз жылап тұр ғо =) Ол табиғи нәрсе сияқғңөқұқұүты да ще)
  • JarkynNUR
  • 0
филолог болсам да, «сияқғңөқұқұүты» деген сөзді білмейді екем ))) қандай мағына береді??? айтыңызшы, біліп жүрейін ))
  • QARASAQAL
  • 0
бұл қауым сондай кішігірім әдебиетазарлық әдеттерден кенде емеспіз. Пендешіліктің құрығында кетіп, жүректегі ардың пердесін шетке сырып қойған кейбір азаматтардан емеспіз, әрине. Осындай көршіміздің қыздарын кейде еркелеткенде жоғарыдағыдай сақаулатып қоямыз.
Онымызға рғенжи кғөрмңеңіз ЖарқынНұр бикеш:)
  • JarkynNUR
  • 0
жоға, ренжімеймін ғой ))) менің өлеңдерім жылағанмен, өзім жыламаймын! Көз жасымды көрсетуге жазбасын!
avatar
  • Ak123
  • 0
ужыс
avatar
қыз деген сонда ақын емеспе не????
  • bakyt-1
  • 0
Негізі өлеңді өмірден алмасаң адамның жүрегіне жетпейді ғой.
avatar
  • nurba
  • 0
жақсы жазылған бұны поэзияның жемісі емес Жарқыннұрдың мұңы және оны ашық жеткізе алуы деп қабылдадым өз басым.
  • zhomart
  • 0
Жарқыннұрдың өлеңдері әдемі өрнектеледі :-))
avatar
  • Kan
  • 0
Мен кеттім көк гүлді ақын боп," қалай түсінуге болады «көк гүлді ақын» дегенді
  • JarkynNUR
  • 0
тура магынада… кок гулім бар
Әдемі жазылган,
avatar
Бақытсыз, бақытты — маңызсыз,
Өткенім өкініш сол қайғы. ӨЛЕҢНІҢ ЕҢ МЫҚТЫ ТҰСЫ ОСЫ ДЕП ОЙЛАЙЫМ. ОСЫ БІР АУЫЗ СӨЗ ӘРІКМНІҢ ЖҮРЕГІНДЕ ЖАТСА КЕРЕК. ҚАЛҒАНЫ МЕНІҢ МҰҢЫМ ЕМЕС.
avatar
  • gulmyra
  • 0
не болды сонша акын — кыз деп кысып тастадыныздарго, олендеринин ишиндеги бир олени жылаган болса не болыпты, енди «мен куаныштамын, мен кулип турмын» деп езуин кулагына илип жаза бермейдиго, бакытка толы олендери де бар шыгар кайдан билесиздер, маган унады, журегиме жетти…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.