Рейтинг
+10.18

Математика әлемінде

Бұл қауымдастықта математиканың шығу тегі, кейбір математикалық терминдердің пайда болуы туралы деректер және де қызықты есептер жарияланатын болады.

Мәтіндік есептерге теңдеу құрудың ең оңай жолдары

ҰБТ есептерінде кәміл кездесетін әрі шығарылуында біраз қиындық туғызатын есептердің бірегейі-мәтіндік есептер. Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу...

Сиқырлы шаршы

«Сиқырлы шаршы» математикалық термин. Ең алғаш мұндай шаршылар Үндістан, Мысырда пайда болыпты. Ерекшелігі әр қатар, баған, диагоналындағы сандардың суммасы бірдей болады. Төмендегі Дюрер шаршысы....

Сіз сол 2%-дың бірісіз ба?

5 адам, 5 ұлт өкілі, әрқайсысы 5 түрлі тұске боялған үйде тұрады, 5 түрлі темекі шегеді, 5 түрлі жануар бағады. 5 түрлі сусын ішеді. 1. Далада бес үй тұр (солдан оңға қарай) 2. Қырғыз көк үйде тұрады 3. Қазақ түйе асырайды 4. Қызыл үйдегі адам шәй ішіп отыр 5. Өзбек алма шырынын ішіп отыр 6. Қызыл үй, сұр үйдің дәл қасында оң жағында орналасқан 7....

Миымызды жаттықтырайық (Математика)Тез шешудің амалы!

Негізгі бөлім. 2.1. Логикалық есептер және оларды тез есептеудің жолдары. Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп...

Кран жұмысына қатысты мазмұнды (мәтіндік) есептер

Мазмұнды (мәтіндік) есептердің бірқатары жұмыстың жүру барысына, өнімділігіне қатысты болып келеді. saya ханымның ұсынысына сай кранның жұмыс істеуіне байланысты есептерге аз-мұз түсінік пен...

Таңғаларлық

Мына қызықты қараңыз: 1) Қолыңызға калькулятор алыңыз. 2) Ұялы телефоныңыздың бастапқы 3 санын енгізіңіз (коды қажет емес, мысалы: 8702452**** болса, 452 деп аламыз). 3) 80-ге көбейтеміз. 4) 1-ді қосамыз. 5) 250-ге көбейтеміз. 6) Нөмірдің соңғы 4 цифрын қосамыз. 7) Соңғы 4 цифрды тағы да қосамыз. 8) 250-ді азайтамыз. 9) 2-ге бөлеміз. 10) Жайлааааап, таңғала бастаймыз)))

Хижра мен Григориан теңесуі (Садықтың есебі)

Мына бір есеп, ойыма 4 жыл алдын келген еді. (Садықтың есебі десеңіздер де болады) Содан бері екі-ақ адам шығара алды. Көбісі шығара алмай жатыр. Тырысып көріп, шығарып берген адамның профиліне +3...

Ақылдының ішіндегі әдемісіз ба, әдемінің ішіндегі ақылдысыз ба?

Кран туралы есептер іздеп тест кітаптарының ішін ақтарып отыр едім, бір есепті көзім шалып қалды. Шығарайын деп ем, басымды қатырып жіберді. Мүмкін сіз көрерсіз? Әдемі адамдардан ақылды адамдар саны 40%-ке артық, ал 25% ақылдылар әдемі, әдемілер қатарында ақылдылардың пайыздық көрсеткіші қандай? Дұрыс жауабы бар. Бірақ аса аса аса құпия .